
Жыл сайын 14 маусымда Дүниежүзілік донор күні атап өтіледі. Бұл күні Қан орталығында «Қан донорлығы-ынтымақтастық актісі. Донор болыңыз және өміріңізді сақтаңыз» ұранымен науқан өтті. Ол адамдардың өмірін сақтап қалу және қоғамдағы ынтымақтастықты нығайту үшін ерікті қан тапсырудың маңыздылығына назар аударуға арналған. ТЖ департаментінің қызметкерлері бұл науқанды бірауыздан қолдады.
Директор Сәуле Оразова , осы күні 36 литр қымбат материал сыйлаған құтқарушылар мен ТЖД өрт сөндірушілеріне, полицейлерге, экологтарға алғыс хаттар мен ҚР Қызыл Жарты айының имидждік өнімдерін табыс етті.
Ерікті өтеусіз донорлықтың қайырымдылық науқанына белсенді қатысқаны үшін Қан тамшысы - символдық вымпелі СҚО ТЖ департаментіне берілді.
СҚО ТЖД Қоғаммен байланыс тобы