Петропавлда «Жас құтқарушы» облыстық жарыстар өтті

Петропавлда «Жас құтқарушы»  облыстық жарыстар өтті

2022 жылғы 30 мамырда Петропавл қаласында СҚО ТЖ Департаментінің «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ №3 өрт сөндіру бөлімінің аумағында Солтүстік Қазақстан облысының жас құтқарушылары арасында облыстық жарыстардың салтанатты ашылуы өтті.

           Командалар құттықтау сөздерінен кейін Солтүстік Қазақстан облысы ТЖ департаментінің орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Дмитрий Растихин, азаматтық қорғау органдары ардагерлер кеңесінің төрағасы Сағынбай Қойбағарұлы Уәлиев және Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының аймақтық дене шынықтыру және спорт, алғашқы әскери дайындық орталығының әдіскері Виктор Хворых сөз сөйледі.

Жарысқа 13-17 жас аралығындағы 12 команда қатысты. Жарыс 5 кезеңнен тұрды: «Визит карточкасы», «Өрт эстафетасы», «аАашқы көмек көрсету», «Жауынгерлік қанат жаю», «Александровтың ұшын лақтыру».

            Жарыстың бірінші кезеңінде балалар ағылшын тілін меңгеру, гитарада ойнау, би және т.б. дағдыларын көрсетті. Келесі кезеңдер балалардың физикалық дайындығын және командада қалай жұмыс істей алатындығын көрсетті.

            Жарыс аяқталды. Қатысушыларды марапаттау үшін Солтүстік Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Нұрлан Нүкішев шақырылды.

            Жалпы командалық біріншілікте Мамлютка ауданының «Флеш» командасы үшінші орынды иеленді. Петропавл қаласының «Ястребы» командасының мүшелері күміс жүлдегер атанды. Жарыстың жеңімпаздары Уәлиханов ауданынан келген «Алау» командасы болды.

            Барлық балалар жақсы нәтижелер мен білімдерін көрсетті, белсенді қатысты, әрқайсысы өздері үшін бір нәрсе білді. Келесі жылы командалар көп болады деп үміттенеміз.

 

   

Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің «Журналистика» кафедрасының 2 курс студенттері 

            Александр Рудина, Әсел Баймолдінова