«Қауіпсіз демалыс - № 1 міндет». Бұл ұран қазір, жазғы демалыс қарсаңында өте өзекті. Бұл міндетті педагогикалық қызметкерлерді уақтылы оқыту арқылы орындау қажет, олар өз кезегінде оқушылармен тиісті сабақтар өткізуі керек.
Бұл тақырыпқа 19 мамырда Оқушылар сарайының конференц залында Петропавл қ.орта мектептерінің директорлары мен меңгерушілерімен СҚО ТЖ департаментінің өкілдері өткізген әдістемелік сабақ арналды. Аудитория алдында СҚО ТЖД бастығының орынбасары подполковник Мұрат Қанғожинов сөз сөйледі. Ол ағымдағы жылы республикада қаза тапқандар санының артқанын атап өтіп, судағы ТЖ жедел жағдайын қатысушылардың назарына жеткізді.
«Республика аумағында ағымдағы жылы суда 32 адам қайтыс болды, оның ішінде 6 бала. Соңғы 9 жылда облыс бойынша шомылуға рұқсат етілмеген жерлерде 211 адам суға батып кетті, оның 33 – і балалар, құтқарушылар кезекшілік ететін қоғамдық жағажайларда адамдардың қаза тапқаны тіркелмеген», - деп атап өтті Мұрат Серікұлы.
Ол Департамент пен жергілікті атқарушы органдар шомылу маусымын қауіпсіз өткізуге дайындық бойынша барлық қажетті шараларды қабылдап жатқанын атап өтті. СҚО ТЖД еріктілерді тарта отырып, көліктік бақылау инспекциясымен және жергілікті полиция қызметімен рейдтік іс-шаралар тұрақты түрде өткізіледі.
Педагог қызметкерлергіне суда қаза болудың алдын алу тақырыбы бойынша роликтер ұсынылды, Петропавл қаласы ТЖ басқармасының және өрт сөндіру қызметінің мамандары суға батқан кезде шұғыл медициналық көмек көрсету алгоритмін көрнекі көрсетті.
Сондай-ақ, аудиторияға мемлекеттік өрт бақылау басқармасының қызметкерлері СҚО аумағындағы өрттермен жедел жағдай жасады, балалар мен ересектерге арналған өрт қауіпсіздігі ережелері түсіндірілді.
СҚО ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының
бастығы подполковник Марат Мұратов