СҚО өрт сөндірушісі «Ерлігі үшін» медаліне ие болды

СҚО өрт сөндірушісі «Ерлігі үшін» медаліне ие болды

 

2022 жылғы 06 мамырда Төтенше жағдайлар министрлігінде Қазақстан Республикасының Отан Қорғаушылар Күнін мерекелеуге арналған салтанатты жиналыс өтті.ТЖ министрі Юрий Ильин құттықтау сөз сөйлеп, өткен жылдар ішінде елімізде төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарын жою жөніндегі міндеттерді жоғары деңгейде шешуге қабілетті жедел ден қою жүйесі қалыптастырылғанын атап өтті.Тәуелсіздік күніне орай Президенттің Жарлығымен қызметтік борышын орындау кезінде көрсеткен ерлігі, батылдығы мен жанқиярлығы үшін өрт сөндірушілер мен құтқарушылар, ТЖМ қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталады. Олар қызметтік борышын орындау және адамдардың өмірін құтқару кезінде ерлік, батылдық, қайсарлық пен батырлық көрсетті.
Мемлекеттік наградалармен-І дәрежелі «Айбын» орденімен, ІІ дәрежелі «Ерлігі үшін» медалімен ТЖМ қызметкерлері марапатталды. Оның ішінде Петропавл қаласының №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші құтқарушысы Ұлан Молдашев «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды. Ол адам өмірін құтқарумен байланысты төтенше жағдайда көрсеткен жанқиярлығы үшін осындай құрметті марапатқа ие болды.
Бұл оқиға 2022 жылдың 03 ақпанында болған. Петропавл қаласының Интернациональная көшесі, 21 үйдегі бес қабатты жатақхананың бір бөлмелі пәтерінде болған өрт туралы қоңырау түсті. Бірінші өрт сөндіру бригадасының шақыру орнына келген кезде кіреберісте қатты түтін шыққаны анықталды, жанып жатқан бөлмедегі есік жабық болған. Өрт сөндірумен қатар өрт сөндірушілер тұрғындарды екінші және жоғарғы қабаттардан эвакуациялады.Азаматтық қорғау кіші сержанты Ұлан Ермекұлы Молдашев әр секунд қымбат екенін, тартынуға болмайтындығын нақты айта отырып, дұрыс шешуші бағытты таңдап, қара қалың түтінге толы үшінші қабаттағы, зардап шеккендерді іздеуге кірісті.
Ол дүрбелең шыққан көршілерден бөлмелердің бірінде ана мен бала көмекке мұқтаж хабарын ести сала бірден оларды қатты түтін жағдайында іздей бастады. Оларды көрген кезде анасы дүрбелең күйде, өз бетімен дұрыс шешім қабалдай алмайтын халде болды. Ұлан балаға құтқару капюшонын кигізіп, оны қолына алып, анасымен бірге оларды таза ауаға шығарды. Кейін оларды ең жақын жылы бөлмеге жеткізді, онда жедел жәрдем қызметкерлері оларды тексеруге кірісті. Содан кейін У. Е. Молдашев жатақханаға тұрғындарды іздеуге және эвакуациялауды жалғастыру үшін оралды.
Өрт сөндіруші-құтқарушы Молдашевтің шебер іс-әрекеттерінің арқасында адам құрбандары мен психологиялық жарақаттардан құтылуға мүмкіндік туды.
«Мен Қазақстанда тұратынымды мақтан тұтамын және онда тұратын адамдар өз өмірлері үшін тыныш болуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймын. Бұл марапат маған мемлекет басшысының елдің азаматтық қорғау органдарының алдына қойған міндеттері абыроймен орындалатынына қосымша сенім береді», - деді Ұлан Молдашев өз өміріндегі маңызды оқиғаға түсініктеме бере отырып. Сондай-ақ, ол бұл оның сыйы ғана емес, бұл адам өмірін құтқару үшін қолдан келгеннің бәрін жасаған әскери жолдастарының сыйы екенін атап өтті.

Шыңғыс Махметов,Петропавл қ. 2-МӨСБ бастығының орынбасары, азаматтық қорғау аға лейтенанты