Ахмет Байтұрсыновтың туғанына 150 жыл толуына арналған көрменің ашылуына ТЖД қызметкерлері қатысты

Ахмет Байтұрсыновтың туғанына 150 жыл толуына арналған                                     көрменің ашылуына ТЖД қызметкерлері қатысты

Жақында «Абылай хан резиденциясы»  мұражай кешенінде ұлы ақын, жазушы, әдебиеттанушы, түркітанушы, қазақ халқының қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсыновтың туғанына 150 жыл толуына арналған көрменің ашылуы болды. Ұйымдастырушылар «Қазақ халқының ұлы тұлғасы Ахмет Байтұрсынов» деп атаған аталған іс-шараға Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері, қалалық ардагерлер кеңесінің мүшелері және Абай  атындағы қазақ мамандандырылған мектеп-гимназиясының оқушылары, облыс орталығының колледж студенттері қатысты. Іс-шара барысында прозалық шығармалардан өлеңдер мен үзінділер, оның өмірі мен қызметі туралы айтылды. Бұл  өз білімдерімен  жарқыраған СҚО ТЖД қызметкерлері-кадр саясаты басқармасының бас маманы Асқар Сүйменбаев және Қаржы және мемлекеттік сатып алу басқармасының бас маманы Мадина Кенжеғозина , басқа қатысушылармен қатар мұражай кешені директорының алғыс хатымен марапатталды.    

 «Ахмет Байтұрсынов Отанға деген ыстық сүйіспеншіліктің үлгісін көрсетеді, оның әдеби шығармалары жастарды тәрбиелеуде үлкен маңызға ие, бізді ұлттық мәдениеттің бастауына, қазақ халқының бай дәстүрлеріне бағыттайды. Аталған іс – шараның маңызы зор және Департаменттің 2022 жылға  идеологиялық жұмыс жоспары аясында өткізіледі», - деді Асқар Сүйменбаев көрменің салтанатты ашылуынан кейін.

Қатысушылар мен қонақтар әрқайсысының өміріндегі маңызды кезеңге айналған кештің дайындық деңгейін жоғары бағалады. 

 

 

СҚО ТЖ департаментінің

Кадр саясаты басқармасы