Шөп қалдықтарын жағу орманды құртады

Шөп қалдықтарын жағу орманды құртады

Көктемде егістікті болашақ егуге дайындалу кезеңі басталады. Бұл кезеңде, әдеттегідей, шөп қалдықтарын жағу жүргізіледі, ал ол дала және орман өрттеріне әкеледі.

Көктемде – дала жұмыстарын бастар алдында және күзде – дәнді дақылдарды жинаудың аяқталуынан кейін шаруа қожалықтарында шөп қалдықтарын жағу жағдайлары жиілейді, нәтижесінде атмосфералық ауаның ластануына, жер ресурстары сапалығының нашарлауына әкеледі және қоршаған ортаға  ауқымды залал келтіреді.

Мамандардың айтуынша, күйген шөптің күлі жемісті жерді жақсартады деген пікірге қарамастан, от ең құнарлы сыртқы қарашірік қабатты күйдіреді. Барлық пайдалы, соның ішінде өсімдіктерге ауруларға қарсы тұруға көмектесетін микрофлора өледі. Өртеу нәтижесінде құртылған, құнарлы қабатты қайта қалпына келтіруге біраз уақыт керек.

Сондай-ақ дәл егістікте жағылған оттан оған іргелес аумақтағы өсімдік және жануар әлемі, сонымен қатар орналасқан электртарату желілері қатты зақымдалады.

Ормандағы барлық өрттер ілдебір сыртқы себептен басталады, өйткені ағаштар арасында от көзінің жоқ екені анық. Кездейсоқ найзағайдың соғуынан да орманда өрттер болады, алайда әлдеқайда жиілеуі адам фактілерінен болады.

Орман өрттері туындауының ең жиі болатын жағдайлар – тасталған жанып тұрған сірінке немесе темекі тұқылы. Аң аулаушы  оқ атып, оқ тығыны бықси бастады  немесе жанды, механизатор орманда майланған ысқыш материалды тастап қалтырды, көлікке техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтамай, жанармай құйды, жанармай құйылып жатқан көліктің жанында темекі шекті және тағы басқа да жағдайлар  болып жатады. Немесе турист, ауыл шаруашылық қызметшілері ескі күйген орман ағаштарының маңында, ағаш кесілетін жердегі қалдықтардың қасында, кепкен шөп жерлерінде алау жағады. Біреулер орманның жанында  шөп қалдықтарын жағады. Апаттың туындау себебі күн сәулелері түсетін жерде тасталған, күн сәйулелерін бір жерге топтасқан шыны сынығы да болуы мүмкін. Ормандағы шаруашылық жұмыстар: жарылыс қыршулары, қоқысты жағу, жол, электр желілерін, құбырлар желісін салу және тағы басқалары да үнемі өрт қауіпсіздік қайнар көзі болуы мүмкін.

Әсіресе, қардың еріп кебуінен кейін бірден басталып, күзгі тұрақты жанбырлы ауа райы немесе қардың жауыуы кезінде аяқталатын, өрт қауіпіті кезеңдерде  дала алқаптарында және егістікте күйген қалдықтарды жағу кезінде, ормандарда алаулар жағу кезінде тиісті өрт қауіпсіздік талаптарын сақтау қажет.

Азаматтардың өрт қауіпсіздік талаптарын сақтамауы жағдайында өрттің туындауы кезінде, қоршаған ортаға, табиғи ресурстарға, адамның өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін күнәлі адам болған өрттің ауырлығына қарай әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындарына орман – біздің байлығымыз және біз оны болашақ ұрпаққа сақтап қалуымыз керек  екенін ескертеді.

 

 

Дмитрий Растихин, СҚО ТЖД

мемлекеттік өрт бақылау,

басқармасының бастығы

азаматтық қорғау полковнигі