Жақында СҚО ТЖД Кадр саясаты басқармасының бастамасымен Департамент қызметкерлері Петропавл қаласының мемлекеттік кірістер басқармасының өкілдерімен: өндірістік емес төлемдер басқармасының бас маманы Зайра Қоржубаева және түсіндіру жұмысы басқармасының бас маманы Жаныл Кабдушевамен кездесті. Аталған іс-шара ҚР ТЖМ аумақтық органының қызметкерлеріне тікелей қатысты ҚР азаматтарының кірістері мен шығыстарын декларациялау ережесіндегі өзгерістерді түсіндіру мақсатында өткізілді.
Атап айтқанда, 270.00 нысаны бойынша жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларацияны ұсыну мәселесі егжей-тегжейлі қаралды. МКБ мамандары мемлекеттік қызметшілер мен олардың жұбайына (зайыбына) ол бойынша мәліметтер беру жөніндегі жаңа талаптарға назар аударды, e-Salyq Azamat жүйесін қалай дұрыс пайдалану керектігін түсіндірді, декларациялау мерзімдері туралы айтты, мәліметтерді дұрыс емес немесе толық ұсынбағаны, декларацияны тапсыру мерзімдерін бұзғаны үшін жауапкершілік туралы ескертті.
Талқылау «көзбе-көз» өткізілді, осы іс-шараға қатысушылар көптеген сұрақтар қойып, оларға толық жауаптар алды. Осындай пайдалы кездесулер СҚО ТЖД-де тұрақты негізде өткізіледі.
СҚО ТЖ департаментінің
Кадр саясаты басқармасы