СҚО ТЖД-дағы дөңгелек үстел: басымдықта-Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйелі күрес

СҚО ТЖД-дағы дөңгелек үстел: басымдықта-Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйелі күрес

Жақында облыстың ТЖ Департаментінде «Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың 16.03.22 ж. Қазақстан халқына Жолдауы  «Жаңа Қазақстан: Жаңарту және жаңғырту жолы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Департамент басқармаларының және бөлімдерінің басшылық құрамы мен қызметкерлері қатысты. Департаменттің аудандық бөлімшелері іс-шараға бейнеконференцбайланыс режимінде қатысты.

Іс-шарада «Amanat» партиясы Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының партиялық бақылау жөніндегі инспекторы Рүстем Әлібеков сөз сөйледі. Ол аталған бағдарламалық құжаттың негізгі ережелерін түсіндіріп, оның әрбір қазақстандық үшін маңыздылығын атап өтті. Рүстем Зарипұлы Жолдауды іске асырудың негізгі бағыттарын айқындап, онда қойылған мақсаттарға қол жеткізуге мемлекеттік қызметшілер мен жұртшылықтың белсенді қатысуына назар аударды.

Сондай-ақ, ол Республика ауқымындағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар мен қылмыстарға қарсы күрес туралы айтып берді. Рүстем Зарапұлы заңнамалық бастамалардан бастап, Қазақстанда соңғы жылдары жүзеге асырылып жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие мен білім беру жөніндегі жұмыстарға дейінгі шаралар кешенін атап өтті. Партия өкілі осы бағыттағы жұмыстың жаңа түрлерінің белсенді қолданылуын атап өтті: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәуекелдерді талдау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар, қаржылық бақылау шаралары, қоғам өкілдерін тарту және т. б. «Қазір мемлекеттік органдардың жұмысын жетілдіруге, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға, осындай зиянды құбылысқа тиімді қарсы тұру үшін қоғамдық бақылауға ерекше мән беріледі», - деп атап өтті ол өз сөзінде.

Іс-шараны өткізу барысында Департамент қызметкерлері инспекторға осындай қоғамдық маңызды тақырып бойынша сұрақтар қойып, қолданыстағы заңнама нормаларын ескере отырып, оларға түсініктемелер алды.

 

 

СҚО ТЖД жеке құрамы бойынша

инспекцияның бас маманы

азаматтық қорғау майоры                                          Аслан Есендіков