Петропавлда Ахмет Байтұрсыновтың туған күнінен бастап 150 жылдығына арналған поэзия кеші өтті

Петропавлда Ахмет Байтұрсыновтың туған күнінен бастап  150 жылдығына арналған поэзия кеші өтті

2022 жылғы 10 наурызында «Абылай хан резиденциясы» мұражай кешенінде Ұлы ақын, жазушы, әдебиеттанушы, түркітанушы, қазақ халқының қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсыновтың туғанына 150 жыл толуына орай «Қазақ зиялыларының жарық жұлдызы» атты маңызды оқиға - поэтикалық кеш өтті.

Аталған іс-шара  СҚО ТЖД қызметкерлері Департаменттің ардагерлер ұйымы,  И.Шухов атындағы кітапхана және мұражай  өкілдерінің қатысуымен тарихи жадыны сақтау, жас қызметкерлерді әскери-патриоттық тәрбиелеу, азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің имиджін арттыру мақсатында өткізілді.

Кешті ашқан Абылай хан Резиденциясының тарих ғылыми-зерттеу бөлімінің басшысы Бауыржан Жүнісов Ахмет Байтұрсыновтың лингвистика, педагогика, саяси қызметтегі айрықша рөлін атап өтті. Ол өзі жүргізген қазақ жазуының реформасына, «Алаш»  партиясы қатарындағы белсенді жұмысына, жемісті әдеби қызметіне назар аударды.

«Ахмет Байтұрсынов Отанға деген ыстық сүйіспеншіліктің үлгісін көрсетеді, оның әдеби шығармалары жастарды тәрбиелеуде үлкен маңызға ие, бізді ұлттық мәдениеттің бастауына, қазақ халқының бай дәстүрлеріне бағыттайды. Қазақстанда оны «Ұлт ұстазы» («Учитель нации») ретінде құрметтейтіні бекер емес, – деді СҚО ТЖД бастығының орынбасары подполковник Мұрат Қанғожинов департамент қызметкерлері арасындағы ақындық жарыс басталар алдында.

Қазылар алқасының алдында кезек бойынша Петропавл қаласы, Мамлют және Есіл аудандарының өрт сөндіру бөлімшелерінің өкілдері, департамент аппаратының офицерлері, мемлекеттік қызметкерлері мен азаматтық қызметшілері сөз сөйледі.

 Резиденцияның күмбездерінің астында, кітап көрмесінің аясында Ахмет Байтұрсыновтың өлеңдері мен прозалары, оның шығармаларының тақырыбы бойынша бейнематериалдармен безендірілген.

Кеш қатысушылары ТЖ алдын алу бөлімінің қызметкері Дина Жапарованың домбыраның сүйемелдеуімен Шәмші Қалдаяқовтың «Арыс жағасында» және «Ана туралы жыр» әндерін шынайы орындап, ұзақ қол шапалақпен сүйемелдеді.

Байқау соңында Мұрат Серікұлы үздік оқырмандардың ішінен дипломдар мен кәдесыйлар табыс етті. Іс-шара мұражайдың көрме залдарына экскурсиямен аяқталды, онда жас қызметкерлер өлкенің тарихы және оның батыр қорғаушылары туралы көп нәрсе білді.

Қатысушылар мен қонақтар әрқайсысының өміріндегі маңызды кезеңге айналған кештің дайындық деңгейін жоғары бағалады. 

 

СҚО ТЖ департаментінің

Кадр саясаты басқармасы