Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс — қимыл-әрбір қызметкердің міндеті

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс — қимыл-әрбір қызметкердің міндеті

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде, өз қатарларында сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу бойынша жүйелі шараларды қолдану, тиісті және ашық жұмысты қамтамасыз ету бойынша 2022 жылғы 25 ақпанда СҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы департаментінің өкілі Светлана Николаевна Зайцеваның шақыруымен "СҚО ТЖД ӨСжАҚЖҚ" ММ басшылық құрамымен семинар өтті.

Өз сөзінде ол қызметкерлерді 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының жобасымен таныстырды.Үш негізгі міндет айтылды, атап айтқанда, жауапкершіліктің бұлтартпастығын қамтамасыз ету бойынша шараларды жетілдіру, сыбайлас жемқорлық мүмкіндігін болдырмау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда азаматтық қоғамның рөлін күшейту. Сондай-ақ, республика бойынша да, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша да азаматтардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары мен қылмыстары фактілері келтіріліп, оларды жасағаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке назар аударылды.

         Сөз соңында Светлана Николаевна кез келген сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтарға жол бермеуге ерекше назар аударды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері әрбір қызметкердің мүддесі тұрғысынан болуға тиіс және бірлескен іс-қимыл арқылы ғана біз нәтижеге қол жеткіземіз. Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетті бәріміз бірге әзірлеуіміз маңызды.

 

"СҚО ТЖД ӨСжАҚЖҚ" ММ КҚБ бастығы

азаматтық қорғау подполковнигі                                            Р. Нұртазин