Ашық есік күні

Ашық есік күні

2022 жылдың 28 ақпаныңда «Азаматтық қорғаныс күні» құрметіне байланысты «Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарының қызметі» ММ Қызылжар ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің және Бескөл ауылының №13 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамымен бірлесіп Қызылжар ауданының Бескөл ауылының «Парасат», №2,№3 және де гимназия мектептері үшін «Ашық есік күнін» өткізді.

Содан кейін қарауыл бастығы азаматтық қорғау капитаны Марат Бақтыбаев өрт сөндіру қызметкерлерімен өрт жабдықтары, қызметтік бөлмелер, және өрт автокөліктері көрсетілді. Оқушылар саяхат барысында өртке қарсы қызмет туралы көп нәрсе үйренді және қызығушылықпен өрт сөндіру қызметкерлерінің жұмысы және олардың күнделікті өмірі туралы әңгіме тыңдады. Өрт сөндіру автомобильдері мен өрт сөндіру жабдықтары туралы қысқаша мағлұмат берді. Сонымен қатар өрт сөндірушінің жауынгерлік киімін дұрыс және тез кию керектігін көрсетті. Ниет білдірген балалар өрт сөндірушінің дулығасын киіп көруге және өздерін өрт сөндіруші ретінде сезіну үшін оларды өрт автомобильдеріне мінгізді. Өрт сөндіру автомобильдері мен олардың жауынгерлік киімдері балаларға үлкен әсер қалдырды.

Оқушылар қызықты және танымдық экскурсия үшін өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері мен басшылығына алғыс сезімін білдірді.

Өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері оқушылардың көптеген сұрақтарына жауап берді, олармен бірге өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау, өрт кезінде басымдықты шаралар туралы әңгіме жүргізілді.

Экскурсияның сонында барлық оқушылрмен ҚР ТЖМ Азаматтық қорғау академиясына түсуге кәсіби-бағдар жұмыстарын орындады. Оқушыларға өрт сөндірушісі мамандығының беделін түсіндірді, сондай-ақ институтқа қабылдау тәртібі мен ерекшеліктерімен танысты, сондай-ақ балаларға тақырыптық еске салғыштар берілді.

 

Өрт сөндіруші-құтқарушысы

азаматтық қорғау кіші сержанты

Нұркеев Мақсат Төлегенұлы