
Халықаралық Азаматтық қорғаныс айлығын өткізу шеңберінде азаматтық қорғаныс ұйымы «Азаматтық қорғаныс және жұмыс ұранымен іс-шаралар кешенін өткізу жер аударылған адамдармен апаттар мен дағдырыстар, еріктілердің рөлі және пандемиямен күрес» Петропавл қаласы № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде Ашық есік күні өткізілді. Өрт сөндірушілерге М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің, Солтүстік Қазақстан кәсіби-педагогикалық колледжінің студенттері, № 17 орта мектебінің оқушылар келді.
Студенттер мен оқушылар өртке қарсы қызмет мұражайына барды. Мұражайда қызметкерлер өртке қарсы қызметінің тарих туралы, қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқандар өрт сөндірушілердің ерлігі туралы айтты. Өрт сөндіруші-құтқарушылар балалар 1-МӨСБ ғимараты бойынша экскурсия жасап, оларды өрт сөндіру техникасымен, өрт сөндіру-техникалық жарақтармен және жабдықтармен, өрт сөндірушілердің керек-жарақпен таныстырды. Өрт жөнінде хабарламалар қалай келетінін, кезекші ауысым жеке құрамының жиналу туралы, төтенше жағдайларды жою орнында шығуы және өрт сөндірушілердің оқиға орнында жұмыс істеу туралы айтты. Ашық есік күнінің соңында студенттер және оқушылар 1-МӨСБ басшылығына алғыс айтып, зор денсаулық және қызметте табыс шың жүректен тіледі!
Петропавл қаласы 1-МӨСБ бастығының орынбасары
азаматтық қорғау подполковнигі М. Нұрғалиев