Қыстың тосын сыйлары: СҚО-да 14 ақпанда қар құрсауынан 2 автокөлік эвакуацияланды, жылыту пункттерінде 4 адам орналастырылды

Қыстың тосын сыйлары: СҚО-да 14 ақпанда қар құрсауынан  2 автокөлік эвакуацияланды, жылыту пункттерінде 4 адам орналастырылды

14 ақпанда СҚО аумағында боран мен бұрқасын тіркелді, бұл өңірдің көлік қатынасына айтарлықтай әсер етті.  СҚО тұрғындары жақындап қалған стихиялық құбылыстар туралы БАҚ ресурстарын, «Дәрмен» мобильдік қосымшасын пайдалану және ұялы байланыс абоненттеріне SMS хабарламалар жіберу арқылы алдын ала ескертілді.  Дауылды ескерту Петропавл қаласының, облыс аудандарының басқару органдарына, ұйымдар мен кәсіпорындар басшыларына жеткізілді.

14 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысында  ауа райының нашарлауына байланысты (қатты жел, бұрқасын (боран), көрінудің шектелуі) жол қозғалысына қатысушылар үшін авариялық жағдай туғызатын барлық автокөлік түрлері үшін қозғалыс жабылды  «Екатеринбург-Алматы» М-36 республикалық жол учаскелерінде 856-835 км ( Ақмола облысы шекарасынан-Чистополье селосына дейін) және А-13 «Көкшетау-Омбы» 50-280 км (Ақмола облысы-шекарасынан- РФ шекарасына дейін, сондай-ақ Айыртау, Ғ.Мүсірепов, Ақжар және Уәлиханов аудандарының аумақтарында орналасқан жолдарда).

         М.Жұмабаев және Ғ. Мүсірепов аудандарының автожолдарында қар кептелісінің 2 жағдайы тіркелді, онда 2 бірлік жеңіл техника шықты. Барлық жағдайлар бойынша жедел әрекет ету шаралары қабылданды, жол қызметтерінің, жергілікті атқарушы органдардың және полицияның күшімен СҚО ТЖД жедел штабының үйлестіру қызметі кезінде адамдармен автокөлік қар құрсауынан босатылып, тазартылған жол учаскелеріне эвакуацияланды. Эвакуацияланған адамдар М.Жұмабаев ауданы Молодогвардейское селосының (3 адам) және Ғ. Мүсірепов ауданы Рузаевка селосының (1 адам) жылыту пункттерінде орналастырылды.

         Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Солтүстік Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті ауа-райының нашарлауы туралы хабарламаларға немқұрайлы қарамауға, қысқы кезеңдегі ТЖ-дағы іс-қимылдар бойынша ұсыныстарды ұстануға  кеңес береді.

 

        

          СҚО ТЖ департаментінің

          жұртшылықпен байланыс тобы