Құтқарушыларға көмек: СҚО ТЖД материалдық-техникалық базасын нығайту

Құтқарушыларға көмек:  СҚО ТЖД материалдық-техникалық базасын нығайту

ТЖ мен өрттерді жою, халықты дүлей зілзалалардың, авариялар мен апаттардың салдарларынан қорғау – Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының негізгі міндеттерінің бірі. Оны орындау үшін бірінші кезекте арнайы мобильді техника қажет, оны кез келген сәтте авариялық-құтқару және іздестіру жұмыстары жүргізілетін, өрт сөндірілетін орынға жедел ауыстыруға болады. Осыған байланысты өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың материалдық-техникалық базасын нығайту күн тәртібінде № 1 болып тұр! Бұл бағытта жұмыстар жүргізілуде, жыл сайын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік материалдық резервінің қаражатынан түрлі автотехника мен жабдықтар бөлінеді, олар кейін халыққа көмек қажет болғанда пайдаланылады.  

2015-2021 жылдар аралығында Мемматрезервтен СҚО ТЖ департаментінің және жергілікті атқарушы органдардың қарулануына 36 бірлік техника, оның ішінде 8 бульдозер, 4 автогрейдер, тралдары бар 4 тартқыш, 4 шнекоротер, сондай-ақ құтқарушыларды жедел жеткізу және халықты эвакуациялау үшін экскаваторлар, автосамосвалдар, автоцистерналар, вахтовкалар, мотопомпалар берілді.

Осы саннан 16 бірлік техника жергілікті атқарушы органдардың азаматтық қорғаудың аудандық құралымдарының қарулануына жіберілді. Қалғандары СҚО ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ өрт сөндіру бөлімдері мен бекеттерінде орналасады.

         Бұл техника негізінен ТЖ алдын алу және жою үшін қысқы және көктемгі кезеңдерде белсенді қолданылды. Осы техниканы тарту арқылы инженерлік-қорғау іс-шараларын жүргізу үшін қолданыстағы қорғаныс біліктерін, бөгеттерді нығайту, жаңа үйінділер, су бұру арналарын орнату, өзен арналарын, арықтарды, кюветтерді, су өткізу құрылыстарын тазарту арқылы көктемгі кезеңде елді мекендердің тұрғын үйлерін су басудан аулақ болды. Ал қысқы кезеңде мемлекеттік материалдық резервтен түскен қар жинау техникасы жол қызметтеріне автожолдарды қар мен мұздан тазарту бойынша белсенді көмек көрсетеді. 

         Уәлиханов ауданы үлгісінде ұзындығы 5 км-ден астам Қулыкөл және Қаратал селоларын топырақ үйіп құлату бойынша жұмыстар жүргізілді, бұдан басқа, ұзындығы 4 км жергілікті маңызы бар «Қулыкөл-Қаратал» автожолында су тасқыны салдарын жою бойынша қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.

         Сонымен қатар, жоғарыда көрсетілген инженерлік техника шұғыл ден қою жиынтық жасағының құрамына кіреді және табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ салдарын жою жағдайында тұрақты әзірлікте болады.

        

         ТЖ жою бөлімінің инженері

         азаматтық қорғау аға лейтенанты                                    Әсел Сүйіндікова