СҚО ТЖД құтқарушыларымен кездесу: ЖҚЖ қызметінің өзекті мәселелері талқыланды

СҚО ТЖД құтқарушыларымен кездесу: ЖҚЖ қызметінің өзекті мәселелері талқыланды

Ағымдағы жылғы 09 ақпанда Департаменттің дағдарыс орталығында

Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті бастығының орынбасары подполковник Мұрат Серікұлы Қанғожиновтың басшылығымен «Департаменттің өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі»ММ жедел-құтқару жасағының жеке құрамымен кездесу өтті.

Жиналыс ішкі істер министрінің 2019 жылғы 18 қаңтардағы №36 «Күту режимінде болғаны және авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарға шығуға ұдайы әзірлікте болғаны үшін ерекше жағдайлар мен үстемеақылар үшін қосымша ақылар төлеу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» бұйрығына қатысты кейбір мәселелерді түсіндіру мақсатында өткізілді. Жиналыс барысында жасақтың қызметтік жұмысының проблемалық мәселелері талқыланды, СҚО ТЖД психологиялық қызмет тобының маман-психологы азаматтық қорғау капитаны Лаура Шайкенова жедел-құтқару жасағының қызметкерлерімен психологиялық сүйемелдеу бойынша жұмыс жүргізді.   Ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалды зерделеу мақсатында тестілеу өткізілді.

   Сондай-ақ, дайындық аясында осы іс-шараны өткізу барысында көктемгі су тасқынына қарсы әрекет ету үшін ұйымдастыру сипаты, жеке құрам мен техниканы дайындау мәселелері талқыланды. ТЖ жою бөлімінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Серік Наурызбаев құтқарушылардың назарын ТЖ жою орындарына жедел шығуға дайындығына және авариялық-құтқару және іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізуге және қауіпсіздік техникасын сақтауға аударды.

 

 

ТЖ жою бөлімінің инженері

азаматтық қорғау аға лейтенанты

Әсел Сүйіндікова