Солтүстік Қазақстан облысының өрт сөндірушілері 27 адамды құтқарып, эвакуациялады

Солтүстік Қазақстан облысының өрт сөндірушілері 27 адамды құтқарып, эвакуациялады

       

2022 жылғы 3 ақпанда сағат 7.56-да 101 телефонына Петропавл қаласы, Интернациональная көшесі, 21 мекенжайы бойынша бес қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің екінші қабатындағы бір бөлмелі пәтерде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті.

ТЖ орнына облыс орталығының № 2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің және № 3 өрт сөндіру бөлімінің бөлімшелері және СҚО ТЖД жедел-құтқару жасағы дереу шықты. Алғашқы бөлімшелер сағат 8.03-те келді.

Келген кезде терезеден қатты түтін шығып, есік жабулы болған. Есікті ашқан өрт сөндірушілер өртті сөндіруге кіріскен. Бір мезгілде 2 және жоғарғы қабаттардан баспалдақ маршы бойынша 23 адам эвакуацияланды, оның ішінде 4 бала, 4 адам құтқарылды, оның ішінде бір бала.

Өрт сағат 8.13-те ауыздықталып, сағат 8.24-те сөндірілді.

Жоюға СҚО ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің жеке құрамынан 23 адам және 8 бірлік техникасы қатысты.

Өрт алаңы 18 ш.м. құрады. Тұрмыстық техника, жиһаз және жеке заттар жойылған. Қатты ысталу байқалған.

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Себеп пен залал анықталады.

Өрттерді және адамдардың қаза болуын болдырмау мақсатында Солтүстік Қазақстан облысы ТЖ Департаменті өрт қауіпсіздігі ережелерін, әсіресе пештерді пайдалану, тұрмыстық газды және электр жабдықтарын пайдалану кезінде елемеу қаупі туралы ескертеді. Есіңізде болсын: оларды сақтамау қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін!

 

 

СҚО ТЖ департаментінің

жұртшылықпен байланыс тобы