Айыртау ауданының өрт сөндірушілері ЖКО зардап шеккен әйелді құтқарды

Айыртау ауданының өрт сөндірушілері ЖКО зардап шеккен әйелді құтқарды

2022 жылғы 15 қаңтар күні 12 сағат 22минутта Айыртау ауданы Саумалкөл ауданы № 7 өрт сөндіру бөлімінің байланыс қосынынан Көкшетау-Рузаевка тас жолының Комаровка – Антоновка селоларының арасында жол көлік оқиғасы болғаны туралы хабарлама келіп түсті адамды көлікпен алып шығу қажет болды.

         ЖКО орнына дереу азаматтық қорғау капитаны Олжас Қабдөшев басқаратын бөлімнің кезекші қарауылы шықты. Келген бойда анықталғаны Lexus және Volkswagen  Passat екі жеңіл көліктерінің қарама-қарсы соқтыққаны белгілі болды.  Volkswagen  Passat көлігінен 1977ж. туған, Есіл ауданынан Имантауға бағыт алған әйел құтқарылды.

         «Жүргізушінің жанындағы орнында отырған әйелдің аяқтары көптеген жерден жарақаттанып, есеңгіреп қалған. Есеп нақты айтқанда минуттарға теңдесіп тұрды: жігіттер есікті ашып, зардап шеккеннің аяқтарын майысқан темірден босатып алды. Оны абайлап зембілге салып, полиция мен медицина қызметкерлерімен бірлесіп жедел жәрдем көлігіне орналастырды. Әйелді жедел жәрдем бригадасы Айыртау аудандық ауруханасына жеткізді», - деп аудандық ТЖ бөлімінің инженері, азаматтық қорғау лейтенанты Мұрат Жамбылов баяндады.

         Есеңгіреп қалған түрдегі екі көліктің  жүргізушілеріне де медициналық қызметкерлердің көмегі көрсетілді.

 

СҚО ТЖД қоғаммен байланыс тобы