
2022 жылғы 8 қаңтар күні кешке Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Новоишимское селосының №16 өрт сөндіру бөлімінің байланыс пунктіне Шүкіркөл мен Новоселовка селолары арасында 5 бірлік жеңіл автокөлік қар құрсауында қалғаны туралы телефон хабарламасы келіп түсті.
Бір минуттан соң шақыру орнына ТРЭКОЛ қарбатпағында жүргішпен өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамы шықты. Сағат 19.05-те Шүкіркөл селосының маңында 15 жолаушы, оның ішінде қарттар, әйелдер және 2 бала болған автокөлік табылды. Көліктердің бірі ақаулы болды. 7 адам, оның ішінде суықтан зардап шеккен 2 бала ТРЭКОЛ автокөлігімен эвакуацияланды. Сонымен қатар, қиын жағдайға тап болған адамдарға көмек ретінде келген «Жасыл Есіл 2» ЖШС жүк тиегіші автокөліктерге өз бетімен шығуға мүмкіндік беріп, жолды тазартты. Сынған көлік жақын маңдағы елді мекенге жеткізілді.
«Жолда адамдар боранға тап болған. Қатты тоңып қалған, біз қажетті көмек көрсеттік. Алғыстарын айтып жатыр. Әрқашан мақсат бойынша әрекет етуге дайынбыз. Бұл біздің міндетіміз»,- деп ТЖ бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Санат Мұқашев жүргізілген құтқару операциясына қысқаша түсініктеме берді.
СҚО ТЖД жұртшылықпен байланыс тобы