Адамдарды құтқарғаны үшін марапатталдын: Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин петропавлдық өрт сөндіруші Айтбай Сәдуақасовқа «Ерлігі үшін» медалін табыстады.

Адамдарды құтқарғаны үшін марапатталдын: Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин петропавлдық өрт сөндіруші Айтбай Сәдуақасовқа «Ерлігі үшін» медалін табыстады.

Марапаттау – кез-келген адамның өміріндегі өте қызықты сәт. Мұндай жағымды оқиға, егер ол жалпы мемлекеттік маңызы бар Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығының қарсаңында болып жатса, екі есе қуанышты.

9 желтоқсан күні Петропавлда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындарына мемлекеттік наградаларды тапсырды. Осылайша, өз еңбегімен мемлекеттің қалыптасуы мен дамуына үлкен үлес қосқан солтүстік қазақстандық ғалымдар, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер, мұғалімдер мен дәрігерлер, жұмысшылар, кәсіпкерлер, әртістер мен спортшылар атап өтілді. Марапатталғандардың арасында «Қазақстан Республикасы ТЖМ СҚО ТЖ Департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ Петропавл қаласының № 3 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі азаматтық қорғау аға сержанты Айтбай Сәдуақасов та бар.

Азаматтық қорғау органдарында 5 жыл қызмет атқарған өрт сөндіруші-құтқарушының өзі «Ерлігі үшін» медалімен марапатталуын үлкен қуанышпен және таңдана қабылдады. «Біз, өрт сөндірушілер, күн сайын дерлік отпен күресеміз, біз үшін бұл күнделікті жұмыс. Қиын, қауіпті, бірақ бұл біздің жұмысымыз. Командадағы жұмыс, бұл өз жолдасыңа өзіңе сенген сияқты сену. Сондықтан бұл менің сыйым ғана емес, бұл менің барлық жолдастарымның сыйы!»,- деді Айтбай Ерсайынұлы өз өміріндегі осындай есте қаларлық оқиға туралы. Ол өзінің еңбегі туралы көп айтпады, бірақ ол туралы марапаттау қағазының сараң сызықтары көбірек айтады...

2021 жылғы 26 қаңтар күні Петропавл қаласының Ружейников көшесі, 97-үйдің 3-қабатындағы көп пәтерлі тұрғын үйінде өрт шыққаны туралы шақырту түсті.

Шақыру орнына келген бойда кіреберісте қатты түтін шыққаны анықталды. Үй тұрғындарының айтуынша, пәтерлерде адамдар болған және олар өз беттерімен таза ауаға шыға алмаған.

Азаматтық қорғау аға сержанты А.Е. Сәдуақасов ГТҚҚ (газ-түтіннен қорғау қызметі) буынының командирі бола отырып, дереу тыныс алу аппаратына қосылып, түтінге толы аймаққа кірді. Әр секундтың қымбат екенін және кешігуге болмайтынын түсініп, шешуші бағытты таңдап, зардап шеккендерді іздей бастады.

А.Е. Сәдуақасов үшінші қабаттағы пәтерден көмек сұрап айқайлаған дауысты естіп, пәтердің балконында қатты түтіннен тұншыға бастаған анасымен баланы құтқаруға кірісті. Эпилепсиямен ауыратын балаға құтқару капюшонын кигізіп, оны қолына көтеріп алып, таза ауаға шығарды, содан кейін оны жедел медициналық жәрдем қызметкерлеріне тексеруге тапсырды.

ГТҚҚ буынының командирі А.Е. Сәдуақасовтың сауатты және шебер іс-әрекеттерінің арқасында адам шығыны болған жоқ.

Айтбай жас екеніне және қызмет өтілінің аздығына қарамастан, үлкен кәсіби тәжірибеге ие, бірнеше рет үлкен және күрделі өрттерді сөндіруге қатысып, адамдарды құтқарып, азаматтар мен ұйымдардың материалдық шығындарын азайтқанын айта кету керек. Басшылық оның тәртіптілігін, еңбекқорлығын және бастамашылдығын үнемі байқап жүреді. Оның қоғамдық өмірге белсенді қатысуын, қиын кездерде әрдайым жолдастарына көмектесуге дайындығы ерекше атап айтады.

Айтбай бос уақытында балық аулаумен айналысады, жұмысы біткен соң, отбасына уақыт табады - үйінде оны жары Айдана мен үш жасар қызы Альмира асыға күтеді. Өрт сөндіруші М. Жұмабаев ауданының Рощино ауылынан шыққан, өзінің жерлестеріне жалынды сәлем жолдайды, әрине олар оны мақтан тұтады!

 

 

«ҚР ТЖМ СҚО ТЖД Өрт сөндіру және

авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ

кадр саясаты бөлімінің аға инспекторы

азаматтық қорғау майоры                                     Жазира Құрманова