КӨПҚАБАТТЫ ҒИМАРАТТАҒЫ ШАРТТЫ ӨРТ ЖОЙЫЛДЫ

КӨПҚАБАТТЫ ҒИМАРАТТАҒЫ ШАРТТЫ ӨРТ ЖОЙЫЛДЫ

Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі 2021 жылғы 2 желтоқсанда Петропавл қаласы, Жамбыл Жабаев көшесі, 49 «Б» мекенжайындағы 18 қабатты тұрғын үй ғимаратында шартты өртті сөндіру бойынша өрт-тактикалық жаттығуларын өткізді.

 Жаттығудың мақсаты өрт сөндіру қызметінің басшы және қатардағы құрамының жоғары қабатты ғимараттарда шартты өртті сөндіруді ұйымдастыру және тактикасының барлық мәселелерін, адамдарды құтқару және материалдық құндылықтарды эвакуациялау тәсілдерін практикалық пысықтауы, сондай-ақ басқа қызметтермен өзара іс-қимылды пысықтауы болып табылады.

Тактикалық ойға сәйкес, электр сымдарының қысқа тұйықталуы нәтижесінде 13-қабаттағы пәтерде өрт болды. № 2 жоғары шақыру бойынша күштер мен құралдарды жедел басқару орталығының диспетчері өрт орнына Петропавл қаласының өртке қарсы қызмет гарнизонының күштері мен құралдарын жіберді. Шартты өрт орнында өрт сөндіру штабының жұмысы ұйымдастырылды және өрт сөндірудің 3 учаскесі құрылды. Өртті сөндіруге және жоғарғы және төменгі қабаттарды қорғауға барлығы 3 «СПРУ» оқпаны және АЛ-32 (53605) арқылы бір лафеттік оқпан берілді. Шартты өрт аумағы 48 шаршы метрді құрады. 100-ден астам адам эвакуацияланды.

Жаттығу аяқталғаннан кейін объектінің ерекшеліктері мен техникалық жарақтандырылуын түсіндіре отырып, таныстыру экскурсиясы ұйымдастырылды.

 Жаттығу өткізуге Петропавл қаласының 8 бірлік техникасы мен 36 адам жұмылдырылды

 

Айтуған Бекенов, «СҚО ТЖД ӨСжАҚЖҚ» ММ Петропавл қ. 2-мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары