Петропавл қаласының өрт сөндіруші-құтқарушылары Петропавл арақ зауытында шартты өртті жою бойынша өрт-тактикалық жаттығуларын өткізді

Петропавл қаласының өрт сөндіруші-құтқарушылары Петропавл арақ зауытында шартты өртті жою бойынша өрт-тактикалық  жаттығуларын өткізді

Ағымдағы жылғы 26 қарашасында  «101» пультіне дабыл қоңырау соғылды. Өртке қарсы қызмет бөлімшелері қысқа уақыт аралығында шақырту орнына шықты. Универсал көшесі, 10А мекенжайы бойынша орналасқан Петропавл арақ зауытында төтенше жағдай орын алды.

         Жаттығудың тактикалық ниетіне сәйкес технологиялық жабдықтың герметикалығының бұзылуы (құбырдағы ысырманың істен шығуы) нәтижесінде спирттің ағуы орын алып, кейіннен ретификациялық бөлімше үй-жайының барлық алаңына сұйықтықтың ағуы және төмен калориялы от көзінен жану орын алды. От бөлменің барлық аумағына таралады. Объект персоналы тұтануды қолда бар құралдармен сөндіруге кіріскен, бірақ  жеңе алмаған.  Күзет өртке қарсы қызметін шақырады.

Өртке қарсы қызмет пен объект персоналының келісілген, нақты іс-қимылдарының арқасында өрт ошағы тез арада шектелді, ал өртті толық сөндіруге жарты сағаттан аз уақыт ішінде қол жеткізілді. Шартты өртті сөндіру барысында үшінші қабаттан түтіндеген аймақта қалған екі зардап шегуші таза ауаға шығарылды.

Жаттығу аяқталған соң бірден жаттығудың өткізілуін сырттай қарап, бағалап тұрған өрт сөндіру басшылары туындаған шартты төтенше жағдайды жою барысына егжей-тегжейлі талдау жасады. Мамандардың пікірі бойынша жаттығуларға қатысқан қызметкерлер өздерінің жоғары кәсіби, білікті әрекеттерін көрсетіп, қойылған тапсырманы сәтті орындады.

Жаттығуға өрт техникасының 7 бірлігі және жеке құрамның 30-дан астам адамы қатысты.

Жаттығу соңында объект әкімшілігі өрт сөндірушілерге өртті анықтаудың барлық автоматты құралдарын, өрт сөндірудің алғашқы құралдары мен жабдықтарын көрсетті. Өртке қарсы сумен жабдықтаудың құрылымдық ерекшеліктері мен жағдайына ерекше назар аударылды.

 

 

 

Петропавл қ. 1-МӨСБ бастығының міндетін уақытша атқарушы

азаматтық қорғау подполковнигі Марат Нұрғалиев