«Қыс 2021» РКШЖ бірінші күні: техниканы байқау, тіршілікті қамтамасыз ету объектілеріндегі аппатарды жою бойынша кіріспе, автокөліктегі АҚЖ, судағы ТЖ зардап шегушіні эвакуациялау және құтқару пысықталды

«Қыс 2021» РКШЖ бірінші күні:  техниканы байқау, тіршілікті қамтамасыз ету объектілеріндегі аппатарды жою бойынша кіріспе, автокөліктегі АҚЖ, судағы ТЖ зардап шегушіні эвакуациялау және құтқару пысықталды

СҚО-да «Қыс 2021» РКШЖ өткізудің алғашқы күні маңызды оқиға болды. 11 қарашада таңертең Департаменттің жеке құрамын жинау жарияланды,оның барысында ТЖ әрекет етуге дайындығы, әрбір қызметкердің оларды жою кезінде өз міндеттерін білуі тексерілді.

         Сол күні Петропавлда ПЗТМ заводы  алаңында  жолдар мен коммуналды қызметі, СҚО ТЖД өрт сөндіру қызметінің  жоғары өтімді  және қар тазалау техникасының тізілуі  өтті. Осы іс-шараны өткізу барысында бөлімшелердің жедел келуі тексерілді, жауынгерлік қабілеті, жеке құрамның өз міндеттерін білуі бағаланды. Авариялар, апаттар мен өзге де төтенше жағдайлардың салдарынан зардап шеккендерге құтқару жұмыстарының бастапқы кезеңінде уақытында көмек көрсетуге арналған техника және жабдықтардың бар болуы мен жарамдығына ерекше көңіл аударылды. Сапқа тұрғызуға келген облыс әкімінің орынбасары Сатжан Аблалиев ТЖ департамент  бастығының орынбасары подполковник Мұрат Қанғжиновпен   бірге бөлімше командирлерімен және мамандарымен жеке танысып, олардың тағайындалуы бойынша іс-әрекеттерге дайындығы туралы  баяндамаларын қабылдады.  

         Сол күні  Петропавлда және облыс аудандарында көп қабатты тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарға су және жылу беретін құбырлардың үзілуін жою бойынша іске қосу жұмыстары жүргізілді.

          Оқу сценарийіне сәйкес,  көктайғақ және  бұрқасын жағдайында жанданған республикалық маңызы бар автожолда автокөлік кюветіне аударылуымен  жол апаты  болған, салонда зардап шегуші бұғатталған.

         Алайда ТЖ қызметінің өкілдері оқиғалардың ең нашар даму нұсқасына дайын болды: зардап шеккен адам құтқарушылардың күшімен автокөліктің бұзылған салонынан шығарылды, апаттар медицинасы орталығының мамандары оған алғашқы медициналық көмек көрсетіп, кейіннен ауруханаға жатқызылды.

           Сондай-ақ эвкуациялық іс-шаралар пысықталды: қарлы боранның салдарынан автобустың жолаушылары облыстық орталықтың №13 орта мектебінің базасында орналасқан эвакуациялық пунктына жеткізілді. Олар үшін тіркеу мен алғашқы медициналық көмек көрсетуден бастап, тамақтану мен түнеуге дейінгі шаралардың толық кешені қамтамасыз етілді. Бұл ретте пандемия кезеңіндегі қолданыстағы санитарлық-эпидемиологиялық нормалар сақталды.  Мектеп ұжымы эвакуациялық жинақтау пунктінің бастығы-директоры Абай Қошқарбайұлы Кайсинмен, ТЖ кезінде осындай маңызды объектінің дұрыс жұмыс істеуі үшін барынша мүмкіншілік жасады.

           Жедел құтқару жасағының мамандары да осындай маңызды іс-шараларды өткізуден тыс қалған жоқ. Пестрое көлінде олар мұз астына түсіп кеткен балықшыны құтқарып, оған алғашқы медициналық көмек көрсетіп, ауруханаға жеткізді.Кіріспе іздестіру-құтқару жұмыстарының циклі аяқталды, оның барысында жасақ мамандары иттің көмегімен орманды дала аймағында адасқан ер адамды тауып алды.

         Сондай-ақ тәжірибелік іс-шараларды пысықтап, іске қосу облыстың ауылдық аудандарында жүргізілді, бұл ретте автожолдардағы шартты ТЖ мен коммуналдық және энергетикалық желілердегі аварияларды жоюға, зардап шеккендерге көмек көрсетуге назар аударылды.

 

 

ҚР ТЖМ ТЖК СҚО ТЖ департаментінің ТЖ жою бөлімінің

бастығы азаматтық қорғау полковнигі  Серік Наурызбаев