Облыста ерікті өрт сөндірушілер арасында жарыстар өтті

Облыста ерікті өрт сөндірушілер арасында жарыстар өтті

2021 жылғы 04 қарашада облыс орталығында Солтүстік Қазақстан облысының ерікті өрт сөндіру құрамалары (бұдан әрі-ЕӨСҚ) арасында жарыс өтті.

         Облыстың 13 ауданынан келген еріктілер командалары өрттерді сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша өз дағдыларын көрсетті.

         Іс-шара ерікті өрт сөндіру құрамаларының қызметін дәріптеу, ӨҚД кәсіби шеберлігін және жауынгерлік дайындығын арттыру мақсатында өткізілді.

         Жарыс бағдарламасында өрт эстафетасы өткізілді, оған дабыл бойынша жинау және шығу, бөлімше құрамында өрт сөндірушінің жауынгерлік киімін кию және жауынгерлік қанат жаю бойынша жаттығуларды өткізу элементтері кірді.

         Ерікті өрт сөндіру құрамалары жұмысының маңыздылығын Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Департамент бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Урал Әбдірахманов атап өтті, ол қатысушылардың үздік дайындығын атап өтті: «Осы спорттық іс-шара уақыт өте келе Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі тарихындағы, сондай-ақ біздің облыс тарихындағы тағы бір жарқын дәстүрге айналатынына сенімдімін, сондай-ақ жарысқа қатысушылардың барлығына салауатты спорттық құмарлық, сәттілік және лайықты жеңістер тіледі!».

         Барлық байқау сынақтарының қорытындысы бойынша Тайынша ауданының ЕӨСҚ («BioOperations»ЖШС МЕӨҚҚ) командасы жеңімпаз атанды. Екінші орынды Айыртау ауданының командасы («Көкшетау МҰТП» РММ Айыртау филиалы) және үшінші орынды Аққайың ауданының өртке қарсы құралымы («Полтавское»ЖШС) иеленді.

         Жарыс жеңімпаздары медальдармен, грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

 

         Солтүстік Қазақстан облысының

         Төтенше жағдайлар департаменті

         Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының

         бас маманы, азаматтық қорғау капитаны

         Данияр Қалелов