Бұны әркім білуі қажет!

Бұны әркім білуі қажет!

Суық түскеннен бергі облыс аумағындағы төтенше жағдайлар туралы күнделікті мәліметтерді қарап отырып, біздің солтүстік өңірдің қатал ауа-райына адамдардың қаншалықты осал екенін сезінесің. Қыстың үсік шалу мен тоңазуынсыз өтпейтіні анық. Бір өкініштісі зардап шеккендердің өз баспаналарынан таяқ тастам жерде үсіп қалуы. Десекте оның  себебінің 90% ащы суды шамадан тыс ішу салдарынан орын алуда. Әсіресе мереке күндері дәстүрге сәйкес дастарқан жаюсыз өтпейтінін де белгілі. Зардап шеккендердің көбінесі өздерінің кінәсінен осындай жағдайға ұшырауда, алайда олардың жанындағылар да жауапкершіліктен кетпеуі керек. Қайғыны ескерту, аталған ТЖ көмекке келу әркімнің парызы!

         Бұл ретте ағзаның суыққа шалынуы кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету қажеттігі жайлы да айта кету керек. Өйткені білікті медицина қызметкерінің жанымыздан табыла қалары неғайбіл, бұндай жағдайда уақыттың әрбір минуты қымбат.

Қатты суық шалған кезде дененің кейбір бөліктерін жеке жылыту өте қауіпті!

Дене бірқалыпты және оқтын-оқтын жылытылуы қажет. Келесі әдістер өте тиімді: адамды жылы су құйылған (25-28 С) ваннаға отырғызып, судың темпертатурасын 37-40 С бірте-бірте жеткізеді. Бұдан басқа тағы бір әдіс бар: адамды жылы суға малынған шүберекке орайды (ештеңе болмаған жағдайда бөкебайлар мен күртешелерді т.б. пайдалануға болады). Адамдарды өмірге қайтару үшін маталар суыған сайын оларды ауыстырып отыру керек. Бір уақытта адамның аяқ-қолын абайлап сылауға болады. Қанды бас пен дене жаққа бағыттау үшін адамның аяғын көтеріңкіреп қойған да дұрыс.

Адамның бойы жылып, есі кіргеннен соң оған ыстық тәтті шай немесе кофе беру қажет, егер құсқысы келмесе, тамақтандырған да жөн. Содан соң жылы, әрі тыныш жерде тәулік бойы дем алдырған дұрыс. Зардап шеккенді мүлдем жалғыз қалдыруға болмайды. Денсаулығы жағдайын бақылап отыру үшін жанында адам болуы керек. Суық шалудың салдары ауыр жағдайда жалғасуы да мүмкін. Сондай-ақ, зардап шеккенге алкоголь беру тәжірибесінен бас тартуды ескертемін, өйткені ол жақсылыққа әкелмейді!

Жоғарыда аталған әрекеттерді жасағаннан соң, зардап шеккенді медициналық қараудан міндетті түрде өткізу қажет. Өйткені зардап шеккен суықтан қаншалықты айығып кеткен күнде, кейін жәбірленушіні аурудың бүкіл «букетін»  сыйлайтынына кепіл жоқ.  

        

               СҚО ТЖ департаментінің

               ТЖ алдын алу бөлімінің бастығы

               азаматтық қорғау подполковнигі                              Сәкен Ағзамов