1.11.21 ж. СҚО өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында брифинг өткізілді, онда СҚО-дағы өрттермен жедел жағдайды жариялау және қысқы кезеңде ТЖ алдын алу мәселелері қаралды.
Департамент бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Урал Әбдірахманов облыстағы өрт жағдайын сипаттайтын келесі сандарды ұсынды: «Жыл басынан бері 229 млн.теңгеден астам сомаға материалдық залал келтірген 596 өрт тіркелді. Бұл ретте өрттердің көбірек саны тұрғын үй секторына келді (427 өрт немесе 72%). СҚО-да болған 41 өрттің ішінде 38 адам қаза тапты».
Ол өрттің басым көпшілігінің себебі адам факторы болып табылатынын атап өтті: отты абайсыз пайдалану, электр жабдықтарын монтаждау және техникалық пайдалану қағидаларын, пештерді орнату және пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі қағидаларын бұзу.
Департамент бастығының орынбасары ескертуге егжей-тегжейлі тоқталды. «Департамент өрттерде адамдардың қаза болуын, сондай-ақ улы газбен улануды болдырмау мақсатында жергілікті атқарушы органдарды, еріктілерді, үкіметтік емес ұйымдарды тарта отырып, халық арасында профилактикалық жұмыс жүргізуде. Жылыту кезеңінің басынан бері 64 мыңнан астам адамды қамти отырып, 26 мыңға жуық аулаларды аралау жүргізілді, өртке қарсы тақырыпта үгіт-профилактикалық материалдың 60 мыңнан астам парақшасы таратылды. Халықтың әлеуметтік осал топтарына (көп балалы, аз қамтылған, зейнеткерлер мен мүгедектерге) ерекше назар аударылды. Олардың тұрғылықты мекенжайлары бойынша 2019 жылдан бастап 1364 улы газ және түтін құрылғысы орнатылды, 2020 жылы олардың іске қосылуының 2 жағдайы тіркелді, бұл адам өмірін сақтап қалды», - деп түсіндірді Урал Мұттахиденұлы.
Бұдан кейін сөз алған ТЖ жою бөлімінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Серік Наурызбаев 2020-2021 жж.қысқы кезеңді өткізу туралы тілшілердің назарына жеткізді, жолдарда 198 төтенше жағдай тіркелгенін, оның ішінде 155 қар құрсауын, 24 авариялық-құтқару және 8 іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілгенін атап өтті.
«Қысқы жолдарда сақ болыңыз. Қыс мезгілінде жолға шығар алдында егжей-тегжейлі ойланып, мұқият жоспарлаңыз. Төтенше жағдайда әрбір ұсақ-түйек маңызды! Метеорологиялық мәліметтерді тыңдап, ауа-райының өзгеруін бақылауға тырысыңыз. Өз және жақындарыңыздың өміріне қауіп төндірмеңіз!»,- деді Серік Қайратұлы.
Сондай-ақ, брифингте СҚО гидрометеорология орталығы директорының орынбасары Наталия Левина сөз сөйледі. Ол алдағы айларға болжамдық жағдай туралы егжей-тегжейлі айтып, Солтүстік Қазақстан аумағында тұман, көктайғақ және бұрқасын жиі болатынын атап өтті. Наталья Викторовна тұрғындарға қыс мезгілінде ауа райының күрт өзгеруі ықтималдығы туралы ескертті, бұл біздің климаттық аймаққа тән және оларға дайын болуға шақырды.
СҚО ТЖ департаментінің
Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы