Есіл ауданының аумағында «Зымыран-2021» Республикалық командалық-штабтық жаттығулар өткізіледі

Есіл ауданының аумағында «Зымыран-2021» Республикалық командалық-штабтық жаттығулар өткізіледі

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшыру кезінде зымыран-тасығыштардың аварияларына байланысты төтенше жағдайлар туындаған кездегі іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдарының, күштері мен құралдарының дайындығы» тақырыбындағы Ұйымдастырушылық нұсқауларына сәйкес 2021 жылғы 28-29 қазан аралығында Есіл ауданының аумағында «Байқоңыр» ғарыш айлағын ұшыру кезінде зымыран-тасығыштардың аварияларына байланысты төтенше жағдайлар туындаған кездегі іс-қимылдарға «Зымыран-2021» Республикалық командалық-штабтық жаттығулары өткізілді.    Олардың қатарына шұғыл ден қою жиынтық жасағының байқауы (жеке құрамның 84 адамы мен 43 бірлік техниканың қатысуымен), «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшырылатын «Протон-М» зымыран-тасығышы бөліктерінің құлауымен байланысты төтенше жағдайларды жою бойынша тактикалық-арнайы жаттығулар кірді, Покровка селосы аумағында күшті әсер ететін улы заттардың шығарылуымен ықтимал ТЖ байланысты кіріспе пысықталды.

         Ауданның азаматтық қорғау аудандық қызметтері мен құралымдарының құрамын іске қосу үшін Покровка ауылшаруашылығы колледжінің базасында эвакуациялық қабылдау пункті ашылды, химиялық зақымдану аймағына түсетін тұрғындарды эвакуациялау бойынша кіріспе пысықталды, сондай-ақ аудандық эвакуациялық қабылдау комиссиясы мен эвакуациялық қабылдау пункттерінің лауазымды құрамымен оқыту сабақтары өткізілді.

         Осы іс-шаралардың негізгі мақсаттары мен міндеттері: ТЖ жою жоспарын әзірлеудің толықтығы мен сапасын бағалау, әлеуетті-қауіпті объектілерде күшті әсер ететін улы, радиоактивті және биологиялық қауіпті заттарды шығару кезінде мүмкін болатын ТЖ-мен байланысты кіріспе ТЖ пысықтау, ТЖ алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссияның, эвакуациялық қабылдау органдарының, Есіл ауданының азаматтық қорғау қызметтері мен құралымдарының ТЖ мүмкін болатын салдарын жоюға әзірлік деңгейін арттыру, сондай-ақ басқару органдарының басшы құрамын қалыптасқан жағдайды бағалауға, қажетті күштер мен құралдарды тарту мақсатында ТЖ салдарларының ауқымын айқындауға үйрету.

         Осындай практикалық іс-шаралар облыстың 6 ауданында өткізілді, олар арқылы зымыран тасығыштың ұшу траекториясы өтеді. Оқу-жаттығу барысында ТЖ салдарын жедел жою және әрекет ету үшін 112 құрылымнан тұратын басқару органдары, күштер мен құралдар, жеке құрамнан 785 адам және 250 бірлік техника дайындыққа келтірілді.

         Осы міндеттердің барлығы басқару органдарын, сондай-ақ азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің аудандық аумақтық кіші жүйесінің күштері мен құралдарын 21 ғасырдың сын-тегеуріндері мен қатерлеріне қарсы тұруға дайындау мақсатында жүргізіледі, өйткені Азаматтық қорғаныс Қазақстан Республикасының халқы мен аумақтарын сыртқы да, ішкі де қатерлердің ықпалынан қорғау жөніндегі аса маңызды элементтердің бірі болып табылады. Сондықтан халықтың қалың жігінің қатысуынсыз оның жағдайын тиісті деңгейде ұстау - жұмсақтықпен айтқанда, проблемалы міндет екені баршаға түсінікті болуы тиіс. Бұл міндетті жергілікті атқарушы органдардың, шаруашылық жүргізуші ұйымдар мен объектілердің мамандарын тұрақты және жоспарлы оқыту, олардың жасына қарамастан, халық арасында насихат және үгіт жұмыстарын жүргізу арқылы орындау қажет.

         Аталған міндеттер мемлекеттік органдар мен шаруашылық кешені объектілерінің, халық пен оқушы жастардың әлеуетін жұмылдыра отырып, толық көлемде пысықталатынын атап өту керек.

        

 

         СҚО ТЖД Азаматтық қорғаныс

         басқармасының бастығы

         подполковник  Марат Мұратов