Петропавлда Мамлют ауданындағы өртпен шұғыл жағдай бойынша брифинг өткізілді

Петропавлда Мамлют ауданындағы өртпен шұғыл жағдай бойынша брифинг өткізілді

26 қазанда Төтенше жағдайлар департаментінде «СҚО Мамлют ауданындағы өрттермен жедел жағдай. Жылыту кезеңіндегі өрт қауіпсіздігі ережелері» тақырыбында брифинг өтті.

Брифингте сөз сөйлеген Мамлют ауданының ТЖ бөлімінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Амир Бекчентаев келесі сандарды келтірді: осы жылдың 10 айында Мамлют ауданының аумағында 18 өрт тіркелді.  Орын алған өрттердің себептерінің ішінде ең көп тарағандары электр жабдықтарын монтаждау және техникалық пайдалану ережелерін бұзу, халықтың отты абайсыз қолдануы, өртеу, пештерді орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу болып табылады. Өрттердің пайда болуының негізгі объектілері тұрғын үй секторы болып қала береді.

         Одан кейін брифингте СҚО ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы азаматтық қорғау полковнигі Дмитрий Растихин жылыту кезеңінде сақталуы қажет қауіпсіздік ережелерін журналистердің назарына жеткізді.  «Адам өлімінің алдын алу мақсатында тұрғындарға өз үйлерінің ,пәтерлерінің өртке қарсы жағдайын тексеруді ұсынамыз. Жанып жатқан пешті қатты қыздырмау және оларды қараусыз қалдырмау, оларды қадағалауды жас балаларға тапсырмау. Ешқандай жағдайда бензин, керосин, дизель отынын жағуға болмайды», - деп Дмитрий Иванович сөзін аяқтады.

         Әріптестерінің сөздерін СҚО ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ күштері мен құралдарын жедел басқару орталығының бастығы Олжас Жүніс толықтырды. Ол улы газбен уланудың алдын алу және халық арасында өрт қауіпсіздігі саласында білім тарату мақсатында азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері тұрақты негізде профилактикалық жұмыстар жүргізіп жатқанын атап өтті.

         Сөз соңында спикерлер БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді, сондай-ақ жылыту кезеңінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға тілек білдірді!

 

Сара Ғабдулина,

СҚО ТЖ департаментінің қоғаммен байланыс тобы