
5 қазанда төтенше жағдайлар департаментінде "СҚО Айыртау және Аққайың аудандарындағы өрттермен жедел жағдай. Жылыту маусымында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау" тақырыбында брифнг өтті.
Брифингте сөз сөйлеген Аққайың ауданының ТЖ бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Ержан Шәріпов келесі сандарды келтірді: 2021 жылғы 5 қазандағы жағдай бойынша Аққайың ауданында 27 өрт тіркелді. Өртте 3 адам қаза тапты, оның ішінде 2-уі мас күйінде, 1-уі мектеп жасына дейінгі бала ересектердің қарауынсыз қалды . Өлгендердің бәрі ұйқы күйінде болды. Олардың себептерін бөлу бойынша электр жабдықтарын монтаждауды бұзу, отты абайсыз пайдалану, жылыту жүйесін пайдалану кезінде ережелерді бұзу нәтижесінде қысқа тұйықталудан көп орын алды.
Сондай-ақ, брифингте Айыртау ауданы ТЖ бөлімінің бас маманы Жанбота Қабдушев сөз сөйледі.
Ол өрттің алдын алу мақсатында Айыртау ауданының ТЖБ қызметкерлері өрт қауіпсіздігі айлығы шеңберінде апта сайын тұрғын үй секторында рейдтік іс-шаралар өткізетінін , оның барысында тұрғындармен тұрмыста және жылыту кезеңінде өрт қауіпсіздігі талаптарын түсіндіру бойынша нұсқаулықтар мен әңгімелер өткізетінін атап өтті.
Халықтың әлеуметтік осал топтарына ерекше көңіл бөлінеді. Профилактикалық іс-шараларға жергілікті атқарушы органдар, әлеуметтік қорғау бөлімдерінің қызметкерлері, жергілікті полиция қызметі мен еріктілер тартылады.
Сөз соңында спикерлер жылыту кезеңінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға тілек білдірді!
Сара Ғабдулина ,
СҚО ТЖД қоғаммен байланыс тобы