«Дана адамдар күні»: Петропавлда азаматтық қорғау органдарының ардагерлерін құттықтады

«Дана адамдар күні»: Петропавлда азаматтық қорғау органдарының ардагерлерін құттықтады

Жыл сайын, Қазақстан Республикасында 1 қазанда, Халықаралық қарттар күні атап өтіледі. Бұл күні «Төтенше жағдайлар органдарының Қазақстандық ардагерлер ұйымы» филиалының төрағасы Сағынбай Уәлиев пен ҚР ТЖМ СҚО ТЖД Кадр саясаты басқармасының бас маманы, азаматтық қорғау капитаны Асқар Сүйменбаев құрметті демалыстағы азаматтық қорғау органдарының қызметкерлеріне барды. Кездесулер жылулық пен мейірімділікпен ерекшеленді. Қонақтар зейнеткерлерден өмірлері туралы, күнделікті істерде көмек қажет пе, жоқ па деп сұрады. Бұл күні СҚО ТЖД өкілдері барған барлық адамдарға азық-түлік пакеттерін сыйға тартты.

СҚО Төтенше жағдайлар департаменті Сізге ұзақ жылдар бойы мықты денсаулық, жан тыныштығын, өмірге деген шексіз қызығушылығын, жылулығын, туған-туыстары мен жақындарының сүйіспеншілігін және құрметін тілейді!

 Сара Ғабдулина ,

Қоғаммен байланыс тобы ТЖД СҚО