Сіріңке балалар үшін ойыншық емес

Сіріңке балалар үшін ойыншық емес

Балаларда отпен ойнаудың жауапкершілік сезімін тәрбиелеу мәселелері, өкінішке орай, ересек адамды жиі толғандармайды. Балалар таңқаларлықтай сенгіш. Жасөспірімдер біздердің, яғни, ересектердің оларды қайғылар мен сәтсіздіктерден қорғайтынымызды нақты біледі.

Ал біз шын мәнісінде осындай сенімді ақтау үшін барлығын істеп жатырмыз ба? Жоқ, біз әрине: «Көшеден тек жасыл шам жанғанда ғана өт», «Саусағыңды розеткаға тықпа», «Сіріңке балалар үшін ойыншық емес» деп айтамыз. Міне, осында жазатайым оқиғалардың себебі жатыр. Осы жастағы баланың барлық жаңа, ерекше заттарға деген табиғи қызығушылығын бір ғана үйреншікті сөзбен басуға бола ма екен?Әр күн, әр сағат бала үшін - жаңалық. Өкінішке орай, кейбір жаңалықтар соңғы болып жатады. Мысалы, от…
Егер ата-аналардан балаларыңызға өрт қауіпсіздігі туралы не айтқандарын сұрасақ, олардың көпшілігі қолдарын бір сілтейді: «Мектепке барған кезде оларды сонда үйретеді». Иә, оларды мектепте үйретеді, бірақ, статистика бойынша, балалардың көпшілігі бес жасқа дейін, яғни, ата-аналарының қарауында, дәлірек айтқанда, қарауынсыз қалғанда өрттер кезінде қаза табады. Оларды қоспағанда, тек оқыс жағдай ғана қажетті сақтық шаралары туралы ойлануға себеп туғызады. Бірақ біз қасіретті болдырмауға әлдері келетін ата-аналарға жолдау жасаймыз.
Балалардың отпен жасайтын тентектігінің үдемелі кезі, әдетте, демалыс кезіне келеді. Бұл уақыт балалардың өз қарамағында болуы, шырпылармен ойныулары, алаулар жағулары және т.б.. бұның барлығы көбінесе қайғылы оқиғалармен аяқталады.
Балалардың отпен ойнауының кесірінен пайда болатын өрттер, өкінішке орай, сирек кезедсетін нәрсе емес. Мұндай өрттердің ақыры өте қайғылы болуы мүмкін.
Өрттің мүмкін деген қаупін толықтай түсінбей, балалардың барлығы дерлік отқа жоғары деңгейде қызығады, оларды осы табиғаттың ғажабы еліктіреді. Үш жастан бес жасқа дейін балалар жиі өз ойындарында ересектердің іс-әрекеттері мен еңбектеріне еліктеп, қайталайды. Осы жаста балалар барлығын тез біліп өздері сынағылары келеді. Жас жеткіншектер өздері үйлерінде жалғыз қалған кезде дербестікке деген ұмтылу қатты байқалады.
Бала шырпы қорабымен ойнап, қағазды тұтандырып, бір кезде орманда көрген алауды жақпайды деп сенімді болуға болмайды. Кейде ересектердің балаларды небір жағдайлардың себебінен қадағалаусыз қалдыратын кездер болады. Бұл қауіпті, әсіресе егер балалар жабық пәтерлер мен бөлмелерде қалса. Өрт жағдайында олар қауіпті бөлмеден сыртқа шыға алмайды. 
Тентектік сотқарлыққа айналатын жағдайлар сирек емес. Ойын-сауық үшін балалар үйлердің шатырлары мен балкондарынан жанулы «ұшақтарды» ұшырады, пошта жәшіктерін, пәтерлер есіктерінің қаптауларын өртеп, жанған түтіндету құтыларын мұндай ойындар неге әкелетіндігін тіпті ойламай, кіреберістерге лақтырады.
Әдетте, пәтерлерде балаларды қараусыз қалдыратын, олардан шырпыларды тықпайтын, балалардың жүріс-тұрыстарын қадағаламайтын, олардың ойындарын бақыламайтын, ал кейде еркеліктерін тыңдап, шырпылармен өздеріне ойнауға рұқсат беріп, кішкентай балаларға жанулы пештерге қарауға, электрлық құрылғыларды қосуға рұқсат ететін бұл тентектіктерге ең алдымен ата-аналар кінәлі. Балалардың отпен тентектігінен болатын өртті болдырмау үшін не істеу керек: 
балаларға өртке қауіпсіз жүріс-тұрыс туралы әңгімелеп айтыңыз;
өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтауға байланысты барлық жағдайларда балаларға үлгі болыңыз;
шырпыларды балалардың қолдары жететін жерлерде қалдырмаңыздар;
балаларға пештерді, газ плиталарын, өздеріне электрлық тұрмыстық құрылғыларды қосуларына бұйырмаңыздар;
балалардың алауларды жақпауын бақылаңыз;
үйден кеткен кезде, кішкентай балларды ересектердің қарауынсыз қалдырмаңыз;
балаға қызықты бос уақыт өткізуді ұйымдастырыңыз. 
Баланы өрт кезіндегі дұрыс іс-әрекеттерге үйретіңіз.
Өртті немесе жанудың белгісін анықтаған кезде (түтіндеу, жоғары температура, оттың иісін және т.б.) кез-келген жастағы бала бөлмеден тез арада шығуы қажет. Өрт туралы ересектерге немесе құтқарудың «101» бірыңғай нөмірі арқылы өрт күзетіне хабарлау. Әдетте айтқандай: «Тыйым салынған жеміс дәмді болады!», сондықтан тек: «Болмайды!» деп айтқаннан көрі, балаға оны шырпылар қорабы, шақпақта жасырылып күтіп тұрған қауіп жөнінде тағы да түсіндіру пайдалы. Балалардың осы кеңестерді естеріне сақтағандары өте жақсы. Жеке үлгіңіз арқылы балаларды өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтауды үйретіңіз. Тек қана балаларымызға деген үлкен қамқорлық арқылы отпен балалық тентектіктен өрттердің алдын алып, өздеріміздің үйлерімізді, мүліктерімізді және ең қымбаты – баланың өмірін сақтап қала аламыз.
Құрметті ата-аналар! Көп нәрселерде балалардың сіздерге еліктейтіндерін естеріңізде сақтаңыздар. Өздеріңіз отпен қарым-қатынаста сақ болыңыздар және отпен ойнаудың қандай қауіпті екендігін балаларыңызға түсіндіріңіз. Өз-өзіне берілген баланың өздігінен өрттің шығуына кінәлі бола алатындығын ұмытпаңыздар.

СІЗДЕРДІҢ БАЛАЛАРЫҢЫЗДЫҢ ӨМІРЛЕРІ СІЗГЕ БАЙЛАНЫСТЫ ЕКЕНДІГІН ЕСТЕРІҢІЗДЕ САҚТАҢЫЗДАР!!! 

 

Тайынша ауданының ТЖ бөлімі