2021 жылғы 10 қыркүйекте «Достық» балалар демалыс лагерінде «Жастар салауатты өмір салты үшін» жастар ұйымы СҚО әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының қолдауымен СҚО Төтенше жағдайлар департаментімен бірлесіп Солтүстік Қазақстан облысы мектеп орманшылықтарының 10-шы облыстық слет-конкурсын өткізді. Слетке қатысушылар-облыстың мектеп орманшылықтарының өкілдері, 7-11 сынып оқушылары. Барлығы 10 команда, әрбір мемлекеттік орман шаруашылығынан құрамында 4 оқушы бар мектеп орманшылықтары мүшелерінің бір делегациясы қатысады.
Іс-шараның басты міндеті өскелең ұрпақтың табиғатты қорғау және орман шаруашылығы сауаттылығын жетілдіру, оның ажырамас бөлігі өрт қауіпсіздігі, сондай-ақ табиғатты сақтау үшін белсенді азаматтық жауапкершілікті тәрбиелеу болып табылады. Департамент балалардың өрт қауіпсіздігі саласындағы білімге, қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруға көп көңіл бөледі.
«СҚО ТЖД Өрт сөндіру және авариялық - құтқару жұмыстары қызметі» ММ күшімен және құралдарымен өрт техникасы мен жабдықтарының үлкен көрмесі ұйымдастырылды, ол балалардың ерекше шаттығын тудырды. Департамент қызметкерлері викторина түрінде балаларға табиғатта және тұрмыста қандай өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау керектігін, өрт сөндірушілерді қалай дұрыс шақыру керектігін айтты. Ең есте қаларлық және көңілді сәт эстафета болды, онда балалар өздерін өрт сөндіруші рөлінде сезінуге және жауынгерлік киімді киіп көруге мүмкіндік алды. Тағы бір жарқын сәт өрт сөндіру техникасы мен өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың құрал-жабдықтарының көрмесі болды. Балалар үлкен қуанышпен өрт сөндіру машинасында отырды, автосатымен көтерілді.
«Ең белсенді», «Ең жылдам», «Батыл өрт сөндіруші», «Әдемі өрт сөндіруші» номинациялары берілді. Бағдарламаның жалғасы қызықты квест, өңірдегі мектеп орманшылықтары қызметінің таныстырылымы, «визит карточкасы» болды. Қорытынды шығарылғаннан кейін үздік командаларға грамоталар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді. Мереке достық атмосферада пиццамен шай ішумен аяқталды.
Мұндай шаралар мектеп орманшылықтары мүшелері мен басшылары арасында жұмыс тәжірибесімен алмасуға, облыстың мектеп орманшылықтары желісінің қызметін одан әрі дамытуға және жетілдіруге ықпал етеді.
СҚО ТЖ департаментінің
Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының аға инженері
азаматтық қорғау лейтенанты
Марина Самойленко