
2021 жылғы 09 қыркүйекте Қызылжар ауданының әкімдігінде төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия отырысы Қызылжар ауданының әкімі Ж.г. Садвокасовтың төрағалығымен, ТЖ жөніндегі комиссия мүшелерінің және ауылдық округ әкімдерінің қатысуымен бейне селекторлық режимде өтті.
ТЖК отырыстарын өткізу жоспарына сәйкес 3 мәселе қаралды.
"Тұрғын үй секторындағы өрт қауіпсіздігінің жай-күйі туралы" бірінші мәселе бойынша Қызылжар ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, "Қызылжар ауданы аумағындағы Азаматтық қорғаныстың жай-күйі туралы, сондай-ақ ақ мүлкін жаңарту, оның ішінде оларды қаржыландыру туралы" екінші мәселе бойынша Қызылжар ауданы әкімдігінің ТЖ бойынша бас маманы, "жылыту кезеңіне дайындық барысы туралы" "Қызылжар аудандық АС, ТКШ, ЖК және АД бөлімі"КММ бастығы сөз сөйледі.
Өрт қауіпсіздігі бойынша жүргізілетін профилактикалық жұмыстар туралы ауылдық округ әкімдері тыңдалды.
Отырысты өткізу қорытындысы бойынша ұйымдардың басшылары мен төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия мүшелеріне өрт қауіпсіздігі бойынша алдын алу жұмыстарын жүргізу, азаматтық қорғаныс мүлкін жаңарту, сондай-ақ жылыту кезеңіне дайындық бойынша міндеттер қойылды.
Қызылжар ауданының ТЖб