Астық кептіргіштерге – өрт қауіпсіздігі!

Астық кептіргіштерге – өрт қауіпсіздігі!

Нан – басты байлық. Астықты жинап алу істің жартысы ғана, ең бастысы оларды сақтау. Астық сақтайтын орындар өрт қауіпсіздігі қағидалары талаптарына сәйкес келуі қажет. Оларды бұзу шынайы төтенше жағдай қаупін төндіреді.  Астықты кептіру және астық тоқтары аумағын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі қағидалары бұзушылығы себептерінен өрттер жиі туындап жатады.

         Осыған байланысты аталған объектілерде ықтимал ТЖ қатерін мейлінше азайту үшін өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтау қажеттігі туралы ескертеміз. Алдымен ол жарамды және тиісті төлқұжаты болуы қажет аспирациялық жүйеге, жылуды оқшаулау, электржабдығын, жабдықтан өндірістік бөлмеге шаң-тозаңның  шықауын қамтамасыз етуге байланысты.

         Егер осындай маңызды объектілер балансында болса, оның басшыларына ӨҚҚ қажетті деңгейін қамтамасыз ету саласындағы сұрақтар бойынша Петропавл қаласы ТЖ басқармасы, аудандық ТЖ бөлімдері инспекторлық құрамына түсініктеме алу үшін жүгінуге болады. Олар өтініш бойынша жоспардан тыс тексеріс өткізіп, бұзушылықтарды көрсетеді. Бұл жағдайда қолданыстағы заңнама нормаларына сәйкес анықталған бұзушылықтар үшін айыппұл салынбайды.

 

 

СҚО ТЖД Мемлекеттік

өрт бақылау басқармасының бас маманы

азаматтық қорғау подполковнигі                                   Әсем Хамзина