Туған өлке жайына ой жүгіртсең, қуаныш пен мұң қатарласқан сезім өне бойыңды бойлап алады. Туған жерде өткізген сол бір сәттер қуанышқа кенелтеді, ал олардың еш оралмайтындығын ойласаң мұңаясың. Кейбір адамдар үшін аталған сәттер ауылдағы күннің батуы, өзен жағалауындағы алғашқы күн шығуымен байланысты, ал мен туған жерімді ойласам көз алдыма көкжиекке тірелген ауылдағы жол, екі жағында күн көзіне шағылысып, алтын түспен боялып, көк аспанның астында күз демі бар желден жайқалып тұрған егін елестейді. Әрине жер бетінде мәңгілік еш нәрсе жоқ. Ауа райы ауысып отырады, сол себептен жер ландшафты да өзгерістерге ұшырайды. Табиғат заңдылықтарына қарсы тұра алмаймыз әрине. Алайда осы өзгерістерге адамның қосқан үлесі бар ма және қандай? - деген сұраққа жауап берейікші. Ақыр соңы адам әрекетінің нәтижелері аумақтың экологиялық балансына қауіп төндіріп, кей жағдайларда апатқа апарып соқтырмай ма? Маңызды мәселе. Үйреншікті болып кеткен өртке қарсы қызметінің күнделікті мәліметтері де кейде жүректі ауыртады – егін ору науқаны қыза бастаған кезде егін алқаптарында өрт туындағаны жөнінде хабарламалар келіп, пісіп тұрған егін бір мезетте күлге айналады. Еліміздің басты байлығын өсіру үшін диқаншылардың тер төгіп, көп күн еткен еңбегі зая кетеді. Шаруа қожалықтарының басшылары, сонымен қатар аталған ауылшаруашылығы жұмыстарына қатысы бар тұлғалар, егін алқаптарында өрттердің туындауын ескерту үшін барлық шараларды қолданама және өрттерді дереу шектеп, жоюға дайын ба?-деген сұрақтар ойға келеді. Өрт қауіпсіздігі ережелеріне немқұрайлы қараған басшылардың басым көпшілігі жыл сайын өрттен келген шығындарын есептеп, ондаған гектар пісіп қалған егін алқаптарының солардың бейқамдығынан отқа оранғанын мойындайды.
Қалыптасқан жағдайдың өзі өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуын талап еткендей. Бұл үшін көптеген ақшалай қаражаттың қажеті жоқ, бірақ ол шаралар қыруар шығынға батудан, ал кейде адамдардың өмірін сақтап қалатыны айдан анық. Жұмысқа кірісер алдында егін науқанына қатысатын адамдар өртке қарсы нұсқаулықтан өтіп, техника бастапқы өрт сөндіру құралдарымен жабдықталуы тиіс. Егін ору алдында егін алқаптарын 50 гектардан аспайтын учаскелерге бөліп, олардың аралығы ені 8 метрден астам орылған жолақпен бөлінуі тиіс. Ортасында ені 4 метрден астам жолақ жыртылады. Орылған жолақтағы астық дереу жиналып алынады. Танаптағы уақытша мекендердің егін алқаптарынан алшақтау және дұрыс орналастырылуы да маңызды. Ол үшін уақытша мекендер егіннен 100 метрден астам қашықтықта орналастырылып, ені 4 метр жыртылған жолақпен қоршалуы тиіс. Егер егін алқабы орман, темір және тас жолға тиіп тұрса, аралығындағы жыртылған жолақ 3 метрден астам болуы тиіс.
Егін басында жанар-жағар майды сақтап, құю тек кепкен шөп, жанғыш қоқыстан тазартылған және 4 метрлік жыртылған жолақпен қоршалған алаңдарда жүзеге асырылуы тиіс. Сонымен қатар егер астық жиналып жатқан алаң 25 гектардан артық болса, өрт туындаған жағдайға жақын маңда трактор және жер жыртатын құрал болуы тиіс.
Трактор, дербес шасси мен автокөліктер капотсыз немесе капоттарының қорғағышы ашық күйде жұмыс істеуге, қозғалтқыш радиаторларындағы шаңды күйдіру үшін үйту лампасын қолдануға ережеде тыйым салынған.
Егін алқаптарында темекі шегуге, от жағуға, ашық отты қолдануға да тыйым салынады, бұл жауапты мезгілде мал азығы шөп пен сабан үйілген желерде де абай болу қажет.
Егер қайғылы оқиғаға душар болып, отқа орансаңыз дереу өртті сөндіруге кірісу қажет, ал егер өз күшіңізбен сөндіру мүмкін болмаса, өртке қарсы қызмет, ішкі істер бөлімі және жергілікті атқарушы билік органдарының қызметкерлеріне дереу хабарлау қажет.
Аталған ережелерді бұлжытпай сақтау ғана жер бетіндегі адам ұрпақтарының мыңдаған жылдардан бері ұқыптылықпен өсіріп келе жатқан бағасыз құндылықтарының бірін сақтауға нақты кепіл бола алмақ. Жер өңдеу мәдениеттерінің көпшілігінде нан мен өмірдің әрдайым бірдей бағалануы да бекер емес. Нанды сақтасақ - өмірді де сақтаймыз...
Төтенше жағдайлар департаменті
баспасөз қызметінің бас маманы Евгений Журавлев
Төтенше жағдайлар департаменті
Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының
техникалық нормалау бөлімінің аға инженері
азаматттық қорғау лейтенанты Марина Самойленко