
Ыстық ауа райы орман алқаптарында туындайтын өрттің санын одан сайын арттырады. Апаттың негізгі себебі - сөндірілмей тасталған алаулар, темекі тұқылдары және өрт қауіпсіздігінің ережелерін сақтамау.
Куйбышев орман шаруашылығында СҚО ТЖ департаментінің қызметкерлері мен Мемлекеттік орман шаруашылығы мамандарының орман және дала өрттерін сөндіру бойынша біріккен жаттығулар өтті.
Жаттығулардың басты мақсаты - орман шаруашылығы мен өртке қарсы қызмет арасында орман және дала өрттерін сөндіру бойынша өзара әрекеттесуді іс-жүзінде өтеу.
Жаттығулардың тактикалық түпкі ойына сәйкес сөндірілмей тастап кеткен темекі тұқылынан ауыл арасындағы жол жиегінде өрт туындаған. Өрт шыққан жерге дереу Петропавл қ. 4-ӨСБ, техникасының 2 бірлігі және жеке құрамның 15 астам қызметкері жіберілді..
Жануды дер кезінде анықтау, жедел және үйлесімді әрекет жасау – біріккен жаттуғыларға қатысатын қызметкерлердің негізгі міндеті. Өртті барлық орманға таратпау мақсатында ауыр техника жердің минералды қабатын алып, жерді жыртып тастады.
Өрт сөндіру командасының және орман қорықшыларының үйлесімді, нақты іс-әрекеттерінің арқасында жану ошағы тез арада жойылды.
Біріккен жаттығуларды өткізу барысында сыйымдылықтармен су бере отырып, соқасы бар МТЗ-80 тракторымен жану ошақтарын жыртып, қол асты құралдармен (шартылдақтар, ранецті өрт сөндіргіштер) орман өрттерін сөндіру тәсілдері іс-жүзінде өтелді.
Ірі өртпен күресу дағдыларын тек жаттығулар барысында өтейміз дегенге сенеміз.
Өрт қауіпті мерзімде орманда болған облыс
тұрғындарының естеріне саламыз
Өрт қауіпті мерзімде орманда келесі әрекеттерді жасауға тыйым салынады:
- алаулар жағуға, тамақ әзірлеу үшін мангалдарды және т.б. құралдарды пайдалануға;
- темекі шегуге, жанған сіріңкелерді, темекі тұқылдарын лақтыруға, темекі шегу трубкасынан ыстық күлді шашуға;
- оқ ататын қарудан атуға, пиротехникалық құралдарды пайдалануға;
- орманда майлы, бензин, керосин немесе өзге жану заттары сіңген сүрту материалдарын қалдыруға;
- жұмыс істейтін ішкі жану қозғалтқыштарының бактарын жанар-жағар май құюға, қозғалтқыштың жарамсыз қуаттандыру жүйесімен техниканы жұмыс істеу үшін шығаруға, сонымен қатар, жанар-жағар май құйылып жатқан машинаның қасында темекі шегуге немесе от жағуға;
- күн саулесі түсіп тұрған ашық алаңдарда шөлмектерді, шыны сынықтарын, өзге қоқыстарды тастауға;
- шөпті, далада егістіктің сабақтарын күйдіруге.
Ринат Айтпишев,
«СҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ Петропавл қ. 4-ӨСБ бастығының орынбасары