Өрт сөндіру кроссфиты

Өрт сөндіру кроссфиты

     

Кросс-фит – жүктеменің жоғары деңгейі бар көпсайыстың жаңа ерекше түрі, ол ТЖМ қызметкерінің жұмысына неғұрлым жақындатылған. Жаттығулар жауынгерлік киім-кешек киіп өрт сөндіру жабдығымен жасалады, тапсырманы орындау кезінде барлық қатысушылар сығылған ауадағы аппараттарына қосылады, бұл кезеңдерден өтуді анағұрлым күрделендіреді.

         2021 жылғы 25 тамыз күні «СҚО ТЖД ӨС ж АҚЖҚ» ММ Петропавл қаласының № 3 өрт сөндіру бөлімі жеке құрам арасында функционалды өрт сөндіру көпсайысынан (өрт сөндіру кросс-фиты) тұнғыш жарысты өткізді. Жарыс өрт сөндіруші мен құтқарушы мамандығын әйгілендіру, спорттың күш түрлерін және салауатты өмір салтын насихаттау, «СҚО ТЖД ӨС ж АҚЖҚ» ММ Петропавл қаласының № 3 өрт сөндіру бөлімі қызметкерлерін тұрақты түрде дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға тарту, кәсіптік әрекетінде дене шынықтыру дайындығының рөлін арттыру, мықты спортшылар мен үздік өрт сөндірушіні анықтау мақсатымен өткізілді. Жарыс бағдарламасы қарқындылығы мен күрделілігімен айқындалды, тек спортшыларға ғана емес, жанкүйерлерге де «ыстық» болды. Бұл жерде айта кету керегі, олар жалығып үлгермеді, себебі үзілістерде әндер мен әуендер ойнатылды. Бұл сайыста түтін мен от болмаса да, өрт сөндірушілер өртпен арпалыспаса да, алаңқайда тым ыстық болды. Аталған спорт түрі өте күрделі, мұнда үлкен төзімділік қажет. Барлық жаттығулар қосылған аппаратпен орындалады, бұл тағы 16 килограм қосылғаны, тағы жауынгерлік киім-кешек пен каска да бар. Барлық қимылды жылдамдықпен жасау керек, соңында адамның аяғы талып қалады, ал бұған қоса ыңғайсыз манекенді апару қажет, мәрелі сынақ күрделі. Қатысушылар тоқтаусыз 13 жаттығуды қатарынан орындауы тиіс.

         Жарысқа қатысушылар өрт сөндірушінің жеке жауынгерлік киімін киген және жарағын ұстаған (өрт сөндірушінің дулығасы, ӨСЖК күртешесі мен шалбары, карабины бар белбеу, берц аяқ-киімі, қолғабы, болат баллонымен сығылған ауадағы тыныс алу аппараты) қалпында қимылдауда. Құралдарды Петропавл қ.  3-ӨСБ-ң басшылық құрамы әзірлеп ұсынады. Жеке есепте ең үздік әрі төзімді қатысушы болып шыққан Петропавл қаласының  3-ӨСБ қарауыл бастығы азаматтық қорғау аға лейтенанты Әділет Ербекұлы Ғалымов.Екінші нәтиже-өрт сөндіру автомобильдерінің жүргізуші-қызметкері Рустам Балахметовте. Ал үшінші орында Петропавл қаласының  3-ӨСБ өрт сөндірушы-құтқарушысы Оразбек Қайыржан.

 

Петропавл қ.  3-ӨСБ қарауыл бастығы

азаматтық қорғау аға лейтенанты Ж. Қабдоллин