«Мектепке жол» қайырымдылық акциясы

«Мектепке жол»  қайырымдылық акциясы

Жыл сайынғы «Мектепке жол» акциясы аясында «СҚО ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ өкілдері 2015 жылғы 31 желтоқсанда Петропавлда өрт сөндіру кезінде қаза тапқан өрт сөндіруші, облыстық орталықтың № 5 өрт сөндіру бөлімінің командирі Алтынбек Әбдірахмановтың отбасына бару дәстүрге айналды. Бұл күні жұбайы 27 жасында қайтыс болған Жанар Абдрахманова, сондай – ақ оның балалары-8 жасар Ерасыл және 10 жасар Дария мейірімді  қолдау сөздерін естіді.

         Азаматтық қорғау полковнигінің орынбасары Марат Сыздықов және № 5 өрт сөндіру бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Ерік Құдабаев балаларға мектепке керек-жарақтарын табыс етті , сондай-ақ жаңа оқу жылын табысты бастау үшін жаздың қалған бөлігін белсенді өткізуге, денсаулығын нығайтуға тілек білдірді.

Сара Ғабдулина ,

СҚО ТЖД қоғаммен байланыс тобы