Солтүстік Қазақстан облысында өрт қауіпсіздігі айлығы басталды

Солтүстік Қазақстан облысында өрт қауіпсіздігі айлығы басталды

Жыл басынан бері облыс аумағында 450 өрт болып, нәтижесінде 36 адам қаза тапты, 35 адам жарақат алды.

         Жүргізілген талдау көрсеткендей, жылу беру кезеңінің басталуымен өрт саны күрт артады. Бұл, негізінен, суық мезгілдің келуімен көптеген адамдар мұржаларды алдын ала тексеріп,  жөндемей пештерді қатты отынмен жағуды бастайды, электр қыздырғыш аспаптарын, көбінесе қолмен жасалатын өндірісті пайдаланады, бұл ретте өрт қауіпсіздігі қағидаларының талаптарын бұзады.

         Халықтың қауіпсіздік деңгейін арттыру, өрт-алдын алу жұмыстарын жандандыру, оның тиімділігін талдау және аумақтардың жылу беру кезеңіне дайындығын бағалау үшін Солтүстік Қазақстан облысында өрттің, адамдардың қаза болуы мен жарақаттануының алдын алу бойынша өрт қауіпсіздігі айлығы басталды. Департаменттің құрылымдық және ведомстволық бағынысты бөлімшелерінің жеке құрамын тарта отырып, карантиндік шаралар мен әлеуметтік қашықтықты ескере отырып, айлық екі кезеңде өтеді: І кезең 14 тамыздан 15 қыркүйекке дейін және ІІ кезең 2021 жылдың 15 қыркүйегінен 15 қазанына дейін.

         Жүргізіліп жатқан жұмыстың мақсаты азаматтардың өрт қауіпсіздігін сақтамау салдарынан болып жатқан өрттердің санын азайту, халықтың өртке қарсы шаралар туралы хабардар болуын арттыру болып табылады.

         Айлық шеңберінде азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен, полиция қызметкерлерімен, еріктілермен және басқа да мүдделі ұйымдармен бірлесіп «Өрт қауіпсіздігі күндерін», профилактикалық әңгімелесулер, кездесулер, аулаларды аралау, тұрғын үй секторында рейдтер өткізеді. Халықтың әлеуметтік осал топтарына, әлеуметтік қауіп-қатер тобындағы адамдарға: мүгедектерге, аз қамтылғандарға, көп балалы отбасыларға, зейнеткерлерге ерекше назар аударылады.

         Жеке секторда жұмыс істеу кезінде жылыту пештерін, электр аспаптарын пайдалану қағидаларын түсіндіруге, балалардың отпен ойнауына жол бермеуге ерекше назар аударылады.

 

 

 

 

Марина Самойленко,

СҚО ТЖД мемлекеттік

өрт бақылау басқармасының

аға инженері,

азаматтық қорғау лейтенанты