СҚО ТЖД: Азаматтық қорғау саласында мамандарды оқыту

СҚО ТЖД: Азаматтық қорғау саласында мамандарды оқыту

Халықты ТЖ түрлері мен туындау себептерімен және оларды жою тәсілдерімен таныстыру, сондай – ақ өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтау мақсатында СҚО ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының қызметкерлері ағымдағы жылдың 11 тамызында азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған ұйымдардың мамандарымен сабақ өткізді.

Оқыту «ZOOM» бағдарламасының көмегімен бейнеконференция форматында өтті. Оқыту барысында тыңдаушыларға презентациялар көрсетіліп, дәрістер оқылды, азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесі туралы оқу деректі фильмдерін көрсету ұйымдастырылды. Тыңдаушыларға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің қызметі түсіндірілді, байланыс және халықты құлақтандыру жүйесінің негізгі аспектілері, террористік актілер барысында төтенше жағдайлар туындаған кездегі іс-қимылдар жеткізілді. Сонымен қатар, тыңдаушылар адамдар көп жиналатын объектілерде өрт туындаған кездегі іс-қимылдар бойынша тақырыптарға үлкен қызығушылық танытты, өрт туралы ақпаратты хабарлау тәртібімен танысты.

Жалпы, СҚО ТЖД аталған іс-шаралар тұрақты негізде өткізіледі және облыста өткізілген әрбір іс-шаралармен әр түрлі ТЖ туындаған кезде абыржымайтын, өзіне және жақындарына сауатты және тез көмек көрсете алатын адамдар көбейіп келеді.

 

Бағлан Ұзақов,

СҚО ТЖ Департаментінің

АҚ басқармасының аға офицері,

аға лейтенант