
Демалыс күндері С)О ТЖД Петропавл қ. ТЖ басқармасының қызметкерлері Петропавл қ. қауіпті су айдындарында рейдтер өткізді
Судағы ТЖ дабыл мәліметтері СҚО ТЖД Петропавл қ.ТЖБ қызметкерлеріне бір минут бос уақыт қалдырмайды. Өткен демалыс күндері олар полиция қызметкерлерімен және жедел-құтқару жасағының мамандарымен бірге облыс орталығы шегінде шомылуға рұқсат етілмеген орындар бойынша рейдтер жүргізуге жұмылдырылды. Департамент бастығының орынбасары подполковник Мұрат Қанғожинов оларға судағы қауіпсіздік ережелерін түсінікті және қызықты түрде жеткізу үшін демалушылармен жұмыс әдістемесіне ерекше назар аудара отырып, егжей-тегжейлі нұсқама өткізді. «Біздің басты міндетіміз – су айдындарындағы төтенше жағдайлардың алдын алу, шомылу кезеңінде адамдардың қаза болуына жол бермеу. Қысқа солтүстік жаздың осы тамаша күндері біздің өлкеміздің солтүстікқазақстандықтары мен қонақтарының үйлеріне аза тұту жаңалықтарын әкелмеуі үшін барлығын жасау қажет. Сіздер жүргізген жұмыс оң нәтиже беретініне сенімдімін!»,- деді ол өз сөзінде.
Осы ыстық күні облыс орталығының 20 шағын ауданындағы Есіл өзеніндегі және Петропавл су торабы бөгетінің жанындағы, «Восточный берега» ауданындағы және Подгордағы «жабайы жағажайлар» осында бос уақытын өткізетін адамдармен насихат жұмыстарымен қамтылды. Олармен әңгімелесу жүргізілді, жадынамалар таратылды, судағы қауіпсіздік ережелері және әкімшілік ықпал ету шаралары жеткізілді. СҚО ТЖД қызметкерлері балалардың қауіпсіздік ережелерін сақтауына ерекше назар аударды. рейд жүргізу кезінде облыс аудандарында балалардың суда қаза болу жағдайлары тіркелді, бұл ретте олар рұқсат етілмеген жерлерде, ата-аналарынсыз шомылған.
Басқарма қызметкерлері демалушылармен әңгімелесті, судағы ТЖ фактілерін келтірді, толық ұсыныстар берді. Құтқару құралдары – құтқару шеңберлері мен кеудешелері болған кезде рұқсат етілген жерлерде ғана суға шомылу қажеттілігін, «жабайы жағажайларда», алкогольдік масаң күйде, тәуліктің қараңғы уақытында және жалғыз шомылудың өлім қаупін – осы және басқа да көптеген «ұсақ-түйектерді» олар қолжетімді және түсінікті түсіндірді.
Айта кету керек, адамдар бұл жұмысқа түсіністікпен қарады, көптеген сұрақтар қойды, судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға уәде берді. Балықшылар да ұмытылмады-олармен де осындай жұмыс жүргізілді, дәл осындай бос уақыттың ерекшелігіне баса назар аударылды.
Іс-шара барысында облыс орталығының 80 тұрғыны мен қонақтары қамтылды.
Петропавл қ. ТЖ бойынша
басқарма бастығының
міндетін уақытша атқарушы
майор Әзімхан Мерғасымов