11.07. 2021 ж. СҚО Айыртау ауданының аумағындағы Имантау селосының маңында болған табиғи өрт туралы ақпарат

         2021 жылғы  11 шілдеде сағат 12-47-де 101 телефонына СҚО Айыртау ауданы Имантау  селосынан 5  км. жерде  «Қарауылтөбе  орман шаруашылығы» КММ орман жабылған аумағына (қайың, қарағай) көшумен құрғақ шөптің жануы туралы ақпарат келіп түсті. Өрт болған жерге жер үсті және  әуе күштері жұмылдырылды, атап айтқанда СҚО ТЖД «Көкшетау» МҰТП Арықбалық және Шалқар филиалдарының, «Лобаново» ЖШС ЕӨҚ, «Күзахмет» ШҚ, «Дзауров» ШҚ, жергілікті тұрғындар (жеке құрамнан 114 адам және 16 бірлік техника, 14 тікұшақ) жедел түрде жіберілді.

         Уақтылы қабылданған шаралардың арқасында табиғи парктің орман алқаптарына қауіп төндіретін оттың одан әрі таралуына жол берілмеді. Өрт 17 сағат 50 минутта ауыздықталды.

         Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің алдын ала алаңы – 100 га. Себебі анықталуда.

         СҚО ТЖД қоғаммен байланыс тобы