Су айдындарындағы қауіпсіздік ережелері

Су айдындарындағы қауіпсіздік ережелері

Су айдындарындағы қауіпсіздік ережелері

 

Су – біздің өміріміз бен денсаулығымыздың қайнар көзі, ол адамдарға және басқа да тіршілік иелеріне өмір сыйлады. Сонымен бірге, ата-бабаларымыздың от пен су – тілсіз жау деген ескертулерін есімізден шығармауымыз керек. Әсіресе, жазғы уақытта аса абай болып, қауіпсіздік шараларын сақтау маңызды. Судағы қауіпсіздікті сақтау, арнайы суға түсуге белгіленбеген  орындарда суға түспеу, ата-аналардың жаз маусымында балаларын қадағалаусыз қалдырмау жөніндегі жүргізіліп жатқан ескертпе, үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Ата-аналар балаларға абай болулары керек. Балалардың қай жерде не істеп жүргенін әрдайым бақылауда ұстау керек. Қазіргі таңда көптеген көл-тоғандар шаруа қожалықтарға ұзақ мерзімге жалға берілген. Осы шаруа қожалықтардың төрағалары өздеріне бекітілген су қоймаларында азаматтардың қауіпсіздігін сақтап, қауіп-қатерлердің алдын алулары шарт.
Жас балалардың суға шомыла білмеуі, адамдардың суда қауіпсіздік ережелері, шараларын орындамауынан орны толмас қайғы мен өкінішке айналып жатады. Сондықтан осындай келеңсіз оқиғаларды болдырмау үшін, төмендегілерді орындаған жөн:

- Суға шомылатын жерді, жалпы жағдайды судың тазалығын, тереңдігін мұқият тексеріп алыңыз.

- Тамақ ішкеннен кейін бірден шомылмаңыз.

- Суға тек қана рұқсат етілген жерлер мен жағажайларда шомылыңыздар. 

- Өте ұзақ уақыт шомылмаңыз, өзіңізді шаршауға және тоңып қалтырауға дейін жеткізбеңіз. 

- Суға түскенде бір-біріңізді көзден таса қылмаңыз.

- Қоршау белгілерінен, буйлардан тысқары аумаққа шықпаңыз. 

- Техникалык ескерту белгілерінің, буйлардың және басқалардың үстіне шығушы болмаңыздар.

Судағы апаттан қорғанудың ең сенімді жолы - суда шомылу ережелері мен қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау.

 

 

 

 

Петропавл қаласы

Төтенше жағдайлар басқармасы

азматтық қорғаныс тобы

лейтенат Сагындыков Т.Б.