Сотрудники Департамента по ЧС СКО провели рейды на опасных водных акваториях области

Сотрудники Департамента по ЧС СКО провели рейды на опасных водных акваториях области

СҚО ТЖ департаментінің қызметкерлері облыстың қауіпті су айдындарында рейдтер өткізді

 

Қалыптасқан ыстық ауа-райы СҚО су айдындарында ТЖ қаупін арттыруға объективті түрде ықпал етті. Тыйым салынғанына қарамастан, осы ыстық күндері солтүстікқазақстандықтар өңірдің қауіпті  су айдындарының  жағасында демалып, суға жақын болуға ұмтылады. Сондықтан департаменттің, оның ведомстволық бағынысты мекемелерінің, жергілікті полиция қызметінің жеке құрамы, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері, еріктілер  демалушылардың барынша көп санын қамтуға тырысып, мерзімді түрде бірлескен профилактикалық рейдтер жүргізеді.

Есіл өзені мен оның ағындыларында, облыс аудандарының ескі арналары мен көлдеріндегі рұқсат етілмеген шомылу орындары мұнда бос уақыттарын өткізетін адамдармен үгіт-насихат жұмыстарымен қамтылды. Демалушылармен әңгімелесулер өткізілді, жадынамалар таратылды, судағы қауіпсіздік ережелері және әкімшілік ықпал ету шаралары жеткізілді.

Азаматтық қорғау офицерлері, жедел-құтқару жасағының құтқарушылары және демалушылармен еріктілер судағы ТЖ фактілерін айтып, егжей-тегжейлі ұсыныстар берді. Тек рұқсат етілген жерлерде, құтқару құралдары – құтқару шеңберлері мен кеудешелері болған кезде ғана шомылу қажеттілігі, «жабайы жағажайларда» суға түсу қаупі, алкогольмен мас күйінде, тәуліктің қараңғы уақытында және жалғыз өзі – бұған бірінші кезекте назар аударды.

 

СҚО Төтенше  жағдайлар департаментінің

азаматтық қорғаныс бөлімінің аға офицері, Қуат Махметов