Қайғы болмай тұра: Пестрое көлінің жағажайында азаматтық қорғау офицерлері демалушы азаматтармен рейд жүргізді

Қайғы болмай тұра: Пестрое көлінің жағажайында азаматтық қорғау офицерлері демалушы азаматтармен рейд жүргізді

Қайғы болмай тұра: Пестрое көлінің жағажайында азаматтық қорғау офицерлері демалушы азаматтармен рейд жүргізді

 

Облыс аумағында орнатылған жаздың ыстық күндері СҚО ТЖ департаментінің қызметкерлеріне жұмыс қосты. Халықты ескерту мақсатында СҚО ТЖ департаменті Петропавл қаласы мен Қызылжар ауданы тұрғындарының сүйікті демалыс орны болып табылатын Пестрое көлінің жағажайында рейд өткізді. Оған Департаменттің, Петропавл қаласы ТЖ басқармасының қызметкерлері, құтқарушылар, БАҚ өкілдері қатысты.

Халық көп жиналған жағажай бос уақытын осында өткізетін адамдармен үгіт-насихат жұмыстарымен қамтылды. Біреулер күннің ыстық сәулелеріне беріліп жатса, су қоймасының суларында жүзуге қорықпайтындар да болып жатты.

«Қазір жеткіліксіз қыздырылған суға шомылу демалушылар үшін нақты қауіп төндіреді – судың төменгі қабаттары әлі суық, тереңірек сүңгу керек – аяқ-қолдардың құрысуы мүмкін. Температураның күрт төмендеуіне байланысты ми тамырларының спазмы одан да қауіпті. Сонда қауіп-сананың қысқа мерзімді жоғалуы, ал адам жай ғана тұншығуы мүмкін!»,- деп түсіндірді Департаменттің азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Марат Мұратов.

Демалушылармен әңгімелесулер өткізілді, жадынамалар таратылды, судағы қауіпсіздік ережелері және оларды бұзғаны үшін әкімшілік ықпал ету шаралары жеткізілді. Рейдке қатысушылар журналистерге судағы адам өлімінің алдын алу бойынша қабылданған шараларды түсіндірді, су айдындарындағы ТЖ статистикасын келтірді, олар туындаған кездегі іс-қимыл алгоритмін жеткізді.

«Өткен жылы 9 адам судың құрбаны болды (оның ішінде бір бала, ол тыйым салынған жерде, ата-анасыз шомылған). Адамдардың қаза болу қаупі жоғары акваториялар Есіл өзені және Үлкен Таранғұл, Пестрое, Соленое, Лебяжье, Шалқар және Имантау көлдері болып табылады», - деп атап өтті Марат Дәулетұлы тақырыпты жалғастыра.

Азаматтық қорғау офицерлері, жедел-құтқару жасағының құтқарушылары және демалушылармен еріктілер сөз сөйледі, судағы ТЖ фактілерін келтірді, толық ұсыныстар берді. Құтқару құралдары – құтқару шеңберлері мен кеудешелері болған кезде рұқсат етілген жерлерде ғана суға шомылу қажеттілігін, «жабайы жағажайларда», мас күйінде, тәуліктің қараңғы уақытында және жалғыз шомылудың өлім қаупін – осы және басқа да көптеген «ұсақ-түйектерді» олар қолжетімді әрі түсінікті түсіндірді.

 

 

Қуат Махметов СҚО ТЖ департаментінің

азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері,

капитаны