СҚО ТЖД-да бейнеконференцбайланыс режимінде Ресей ТЖМ Қорған облысы бойынша Бас басқармасының басшылық құрамымен кеңес өткізілді

СҚО ТЖД-да бейнеконференцбайланыс режимінде Ресей ТЖМ Қорған облысы бойынша Бас басқармасының басшылық құрамымен кеңес өткізілді

СҚО ТЖД-да бейнеконференцбайланыс режимінде Ресей ТЖМ Қорған облысы бойынша Бас басқармасының басшылық құрамымен кеңес өткізілді

 

Жақында Төтенше жағдайлар департаментінің Дағдарыс орталығында ҚР ТЖМ аумақтық органының бастығы азаматтық қорғау полковнигі Рамиль Камаловтың төрағалығымен Ресей ТЖМ Қорған облыстары бойынша бас басқармаларының басшылық құрамымен кеңес өтті.

ҚР Солтүстік Қазақстан облысы мен РФ Қорған облысының шектес аумақтарында табиғи өрттердің алдын алу және жою бойынша проблемалық мәселелер талқыланды, кезекші қызметтердің өзара іс-қимылы, бірлескен оқу-жаттығулар мен жаттығулар өткізу туралы мәселе қаралды.

СҚО ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы азаматтық қорғау полковнигі Дмитрий Растихин СҚО аумағындағы табиғи өрттермен жедел жағдай туралы баяндама жасады. Дмитрий Иванович өз сөзінде табиғи өрттердің алдын алу және жою ісінде тығыз өзара іс-қимыл мен ынтымақтастық қажеттігіне назар аударып, Мамлют, Жамбыл және Қызылжар аудандары аумағындағы орманды дала аймағының 84 мың га және шекара сызығы бойынша ұзындығы 240 км-ден астам аумақты атап өтті.

«Өрт қауіпті кезең ішінде төменгі өрттер болуы мүмкін, 80% жағдайда халықтың өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзуы (ауыл шаруашылығы, от жағу және т.б.) салдарынан туындауы. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес дала өрттерін сөндіру аудан және ауылдық округ әкімдерінің тікелей құзыреті болып табылады. Орман өрттерін жою мемлекеттік орман мекемелеріне жүктелген, алайда жағдай шиеленіскен кезде мемлекеттік өртке қарсы қызметтің күштері мен құралдары тартылады», - деді Департамент бөлімшесінің бастығы.

Ол бақылау мақсатында мүдделі мемлекеттік органдар қатарынан мобильді топтармен тұрақты патрульдеу және өрт жағдайына мониторинг ұйымдастырылғанын, СҚО ТЖД өрт сөндіру қызметі аймақаралық сипаттағы орман-дала өрттерін сөндіруге арналған күштер мен құралдар тобын құрғанын, оның құрамына жеке құрамнан 44 адам және 9 бірлік техника жұмылдырылғанын атап өтті. Бұл ретте Дмитрий Иванович туындаған өрттер туралы уақтылы хабардар ету және оларды жоюдағы өзара іс-қимыл қажеттілігіне баса назар аударды.

Сондай-ақ, ағымдағы жылдың маусым айында Қызылжар ауданының аумағында Ресей ТЖМ Қорған, Омбы және Түмен облыстарының жедел топтарының қатысуымен ірі ауқымды орман өрттерімен байланысты трансшекаралық жағдайдың алдын алу және салдарын жою бойынша өзара іс-қимылды ұйымдастыру тақырыбы бойынша оқу-жаттығуды өткізу мәселесі қаралды. Алайда, аталған іс-шараны өткізу эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін уақытша кейінге қалдырылғаны және келісу бойынша неғұрлым кеш мерзімде ұйымдастырылатыны атап өтілді.

Кеңесті қорытындылай келе, СҚО ТЖД бастығы Рамиль Камалов шектес аумақтарда ТЖ мен өрттердің алдын алу бойынша бірлескен жұмыстың маңыздылығын атап өтіп, болашақ ұрпақ үшін табиғи ресурстарды қорғаудың маңыздылығын ерекше атап өтті.

 

СҚО ТЖД дағдарыс жағдайлар басқармасы