СҚО М. Жұмабаев ауданы Булаев аудан орталығында өрт сөндіруші Евгений Борисенко өрт кезінде 42 жастағы ер адамды құтқарды

СҚО М. Жұмабаев ауданы Булаев аудан орталығында өрт сөндіруші Евгений Борисенко өрт кезінде 42 жастағы ер адамды құтқарды

Өрт сөндіруші - ол барлық жерде және әрдайым өрт сөндіруші... Бұл сөздерді 23 жастағы Евгений Борисенкоға, азаматтық қорғаудың кіші сержантына, М. Жұмабаев ауданның № 12 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-жүргізушісіне толық жатқызуға болады. Күн мен түннің кез-келген уақытында, ант қабылдаған сәттен бастап тағдырымен өлшенген мерзімге дейін өрт сөндіруші болып қала береді…

Бұл 2021 жылдың 22 сәуірінде Булаево ауданының орталығында, қала кешкі ымырт түсіп жатқан кезде болды. Демалыста жүрген Евгений тағдырдың еркімен «Дионис» дүкенінің жанында болды, онда ол анасы мен әпкесін азық-түлік алу үшін алып келген. Бірақ әдеттегі сапар булаевтылықтардың жадында ұзақ уақыт сақталатын драмалық оқиғаларға айналды.

«Анам бірінші болып көліктің терезесінен көрші көшедегі тұрғын үйдің төбесінен көтерілген түтінді байқады. Уақытты жоғалтпай, бұрылып, машинадан шығып кеттім. Үй маңында  7-9 жастағы екі баласы бар әйел тұрды, олар үрейлі күйде бірдеңе деп айқайлап жатты. Олар үйде әкелері ұйықтап жатқанын айтты. Мен үйге жүгіріп, барлық бөлмелерді тез қарап шығып, ер адамды  көзім шалды – ол диванда ұйықтап жатты. Не болғанын түсінбей жатқан  оны әрең ояттым.  Үйден дерлік сүйреп шығардым. Шатыр ашық отпен жанып, шифер жарылды...», - деп болған жайды Евгений айтып берді.

Үйге жүгіріп келе жатып, әріптестеріне қоңырау шалғаннан кейін санаулы минуттан кейін оқиға орнына келгендерге өрт туралы хабарлап үлгерді, әлі отпен қамтылмаған тұрғын үйден заттарды құтқаруға көмектесті, өрт сөндірушілерге өрт сөндіруге қолдан келгенше көмек көрсетті. Ең бастысы, ол оттан 27 литрлік газ баллонын шығарды, ол бүкіл үйге жалын таратқан кезде жарылуы мүмкін еді.

«Мен бөлімде 2 жыл жұмыс істеймін. Ондаған өрттерге шығып, адамдардың қайғысын көрдім... Мұндай жағдайларда әр минут алтынның салмағына тең екенін білемін. Сондықтан уақытты жоғалтпадым, не істеу керектің барлығын жасадым», - деп түсіндірді азаматтық қорғау қатардағы қызметкері.

Уақытында жасалған қоңыраудың арқасында өрт орнына екі көлікте келген өрт сөндірушілер тұрғын үйді оттан құтқарды. Үйдің төбесі ғана жанып кетті, ол кез-келген уақытта құлап кетуі мүмкін еді. Өрт 21 сағат 07 минутта толығымен сөндірілді.

Күйеуінің құтқарушысына шын жүректен алғыс білдіре отырып, жұбайы СҚО ТЖ департаментінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Рамил Камаловқа хатпен жүгінуді шешті.

«Құрметті Рамиль Фаткулович!

22.04.2021 ж. біз қазаға ұшырадық, менің үйімде  өрт болды. Өрт кезінде үйде ұйықтап жатқан күйеуім Виталий Лукашенко болды. Бірақ өрт сөндіру бөлімінің қызметкері Е. О. Борисенконың арқасында, ол жай өте шықпай  менің күйеуімді құтқарды ...  және ол өрт туралы хабарлап, содан кейін өрт сөндіру бөлімі келгенге дейін заттарды шығаруға көмектесті. Өрт сөндіруге қатысқан барлық өрт сөндіру қызметкерлеріне жеке алғыс айтқым келеді...

Құрметпен Е. Н. Бондаренко (автордың емлесі мен тыныс белгілері сақталған).

Виталий Лукашенко 7 мамырда 43 жасқа толады. Өткен бейсенбі оның екінші туған күні болды деп айтуға болады. Ол күнді оған  жүрегінің қалауы бойынша  өрт сөндіруші атанған, жас азаматтық қорғау қызметкері сыйлады.  Өзімізден қосатынымыз - мұндай адамдар  күзетте тұрған кезде біз тыныш ұйықтай аламыз!

Евгений Журавлев,

СҚО ТЖ департаментінің

жұртшылықпен  байланыс тобының бас маманы

Фотосуретке түсініктемелер:

Суретте (солдан оңға қарай): Борисенко, Бондаренко, оның балалары