Есіл өзеніндегі су тасқынының жедел жағдайы, осы табиғи құбылыстың өтуі кезінде болуы мүмкін төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша қабылданған шаралар – бұл мәселелер 21 жылғы 26 сәуірінде Петропавл су торабының бөгетінде өткізілген брифингте айтылды.
Брифингті ашқан ТЖ алдын алу бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Сәкен Ағзамов журналистерге СҚО-дағы су тасқынының жедел жағдайы, құтқару бөлімшелерінің осындай жауапты кезеңдегі дайындығы туралы айтып берді. Ол атап өткендей, облыстағы су қоймасы жағдайы тұрақты, қазір Есіл өзеніндегі су деңгейінің көтерілуі Новоникольское селосының маңында, сондай-ақ Петропавл су қоймасында байқалды.
«Қазіргі уақытта тұрғын үйлер мен елді мекендерді су басу тіркелген жоқ, көлдер мен өзендер деңгейлеріне тәулік бойы мониторинг жүргізілуде. Сергеев су қоймасы бөгетінің жотасының үстіндегі су тасқыны 50 см құрайды, 4-5 күннен кейін су тасқыны шыңы Петропавлдан өтеді деп күтілуде. Тасқын сулардың көтерілуі оның жайылмасындағы саяжай учаскелерінің бір бөлігін су басуына себеп болды. Бұл құбылыс жыл сайынғы маусымдық сипатқа ие. Республикалық маңызы бар М-51 «Челябинск-Новосибирск» автожолының учаскесінде (528 км.) Петропавл су торабына жақын жерде су тасқыны байқалады. Ескерту белгілері қойылды, көрсетілген учаскеде қозғалыс жабылды. Кезекшілік ұйымдастырылды. Айналып өтудің баламалы жолы бар», - деп атап өтті Сәкен Серікұлы.
Сондай-ақ, ол облыс орталығының тұрғындарына су тасқыны кезінде саяжай учаскелеріне бару қаупі туралы, балықшыларға су тасқыны кезінде және облыс көлдеріндегі мұздың сынуы кезінде балық аулаумен айналысу қаупі туралы ескертті.
Содан кейін сөз «Қазгидрометр» РМК СҚФ инженері Роман Гиричевке берілді, ол Есіл өзеніндегі су тасқынының болжамды жағдайын журналистердің назарына жеткізді. Ол 2017 жылы облыстың басты су артериясында үлкен материалдық шығын келтірген үлкен су тасқыны байқалған оқиғалардың қайталануын болдырмайтынын атап өтті.
СҚО ТЖ департаментінің
жұртшылықпен байланыс тобы