СҚО ТЖ Департаментінің бастығы  жұмыс  сапары  барысында облыстың Уәлиханов  ауданы ауылдарындағы су тасқынына қарсы іс-шаралармен танысты

СҚО ТЖ Департаментінің бастығы  жұмыс  сапары  барысында облыстың Уәлиханов  ауданы ауылдарындағы су тасқынына қарсы іс-шаралармен танысты

СҚО ТЖ Департаментінің бастығы  жұмыс  сапары  барысында облыстың Уәлиханов  ауданы ауылдарындағы су тасқынына қарсы іс-шаралармен танысты

 

          СҚО Уәлиханов ауданының тұрғындары бірнеше рет су тасқынына тап болды және су тасқыны деген не екенін өз тәжірибесінен біледі. Сондықтан аудан аумағындағы осы табиғи құбылысқа қатысты жағдай жергілікті атқарушы органдардың, СҚО ТЖ Департаментінің тұрақты бақылауында.

         Жақында Уәлиханов ауданының Құлыкөл ауылдық округінде СҚО ТЖД бастығы азаматтық қорғау полковнигі Рамиль Камалов жұмыс сапарымен болды. Рамиль Фаткулович Уәлиханов ауданының әкімі Қайрат Пшенбаевпен және Уәлиханов ауданының ТЖ бөлімінің бастығы Бауыржан Рахымжановпен бірге Құлыкөл ауылдық округіндегі Селеті өзенінің арнасында орналасқан «Екі көз», 13 терезелі «Әлкі» және 5 терезелі «№33» гидротехникалық құрылыстарын тексерді. Сондай-ақ, Қаратал селосының төңірегіндегі қалпына келтірілген топырақ үйінділері араланды.

         Жергілікті атқарушы органдардың және СҚО ТЖ департаментінің күштері мен құралдарының жедел әзірлігін тексеру шеңберінде су тасқыны кезеңінде ТЖ жоюға арналған техниканы қарау өткізілді.

         Сапар барысында Департамент бастығы тек уақтылы қабылданған шаралар ғана халықты сенімді қорғауға, ықтимал ТЖ-ның дамуына жол бермеуге қабілетті екенін атап өтті. «Ең бастысы - су тасқыны қаупін азайтып, ауылдардың қалыпты тіршілігін қамтамасыз ету», - деді Рамиль Фаткулович.

         Ауданда бұрын бағытталған ТЖД тобы жұмыс істейді, құрамында жеке құрамнан 15 адам, 3 бірлік техника, жүзу және су айдау құралдары бар. Олар өзеннің 3 гидротехникалық құрылыстарына («Жыра», «Сегізкөз», «Екікөз») тұрақты мониторинг жүргізеді, мұз кептелісінің алдын ала отырып, оларды мұздан тазартады.

         Қазір 4 ауданда (Уәлиханов, Тимирязев, Айыртау және Ғ.Мүсірепов) жеке құрамнан 49 адам, 10 бірлік техника, жүзу құралдары мен мотопомпалардан тұратын Департамент топтары жұмыс істейді. Топтың жеке құрамын бөлу өткен жылдардың талдауын ескере отырып, су тасқыны құбылыстарына неғұрлым бейім орындарда – Рузаевка және Чистополье селоларына жақын Ақан – Бұрлық, Шарық және Жембарақ өзендері, Жембарақ және Есіл Ғ. Мүсірепов  атындағы ауданы Тоқсан би селосы маңында, Айыртау ауданы Константиновка селосының маңында Бабық-Бұрлық өзендерінің учаскелерінде жүргізілді. Олардың мақсаты - осы қиын кезеңде жергілікті атқарушы органдарға көмек көрсету, елді мекендерді осындай қауіпті стихиялық құбылыстың салдарынан қорғау. Жеке құрам су тасқыны жағдайына, су басқан аумақтардан суды соруға, өзен арналары мен мұз кептелістерін тазалауға мониторинг жүргізеді.

 

 

СҚО ТЖ департаментінің

ТЖ алдын алу бөлімінің бастығы

азаматтық қорғау подполковнигі                 Сәкен Ағзамов