
Ағымдағы жылғы су тасқыны Солтүстік Қазақстан облысында жергілікті атқарушы органдардың, СҚО ТЖ Департаментінің тұрақты бақылауында. Тасқын суларға байланысты қолайсыз оқиғалардың алдын алу мақсатында 25 наурызда Ғ. Мүсірепов ауданы бойынша ағып жатқан 5 өзен учаскесінде жарылыс жұмыстары жүргізілді. Күні бойы бейбіт жарылыстар Ақанбұрлық өзенінде, оның Есіл өзеніне құятын жерінде, Григорьевка селосына жақын жерде, Ақанбұрлық және Шарық өзендерінің қосылатын жерінде және Раисовка селосына жақын Шарық өзенінде болды.
Бұл жұмысты жергілікті атқарушы органдар, СҚО ТЖД және Көкшетау қаласының мамандандырылған ұйымы – «Көкше-БУР» ЖШС мұз кептелісін және өзен деңгейін көтерілуін болдырмау мақсатында жүргізді.
«Жарғыш жұмыстарын бірнеше жыл атқарып келеміз. Біздің міндетіміз-кептелістер мен су деңгейінің күрт көтерілуіне жол бермеу, бұл жақын маңдағы ауылдардың шеткі көшелерінің төмен орналасқан учаскелеріне қауіп төндіреді. Сәуір айында су тасқыны кезеңінде «Көкше-БУР» ЖШС мамандары біздің ауданымызда кезекшілік етеді және қажет болған жағдайда жарылыс жұмыстарын жүргізеді», - деп түсіндірді күннің басты оқиғасына аудан әкімі Ағзам Тастеміров.
Г.Мүсірепов атындағы аудан бастығының міндетін атқарушы азаматтық қорғау подполковнигі Санат Мұқашев, аталған жұмыстар алдын ала, аса қауіпті жерлерде жүргізілді, бұл ретте жалпы 122 кг. жарылғыш зат (петроген) жұмсалды.
Осындай маңызды оқиға су тасқынына қарсы іс-шараларға дайындығын бағалау мақсатында ауданда орналасқан СҚО ТЖ департаментінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Рамиль Камаловтың жеке бақылауымен өткізілді. Рамиль Фаткулович аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Төребековпен бірге Чистополь, Рузаев және Новоишим ауылдық округтерінде болып, техниканың дайындығын, өткізілген инженерлік іс-шараларды тексерді.
«Бүгінгі таңда ауданның елді мекендерінен 27000 текше метрден астам қар шығарылды, 42 км астам ұзындықта қаралау жүргізілді, 112 км су өткізу құбырлары тазартылды. Бұл жергілікті атқарушы органдардың су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізуге тиісті жауапкершілікпен қарайтындығын білдіреді», - деп атап өтті Департамент бастығы.
26 наурызда Рамиль Камалов жұмыс сапары барысында Айыртау ауданына барып, су тасқыны қаупі бар елді мекендерді - Гусаковка, Константиновка, Имантау селоларын аралап, Бабықбурлық өзені мен Имантау көлін көзбен көріп, су тасқыны кезеңінде болуы мүмкін ТЖ дайындық деңгейін тексерді.
СҚО ТЖД басшысы ТЖ бойынша аудандық комиссияның кезектен тыс отырысына қатысты, онда су тасқынына дайындық бойынша атқарылған жұмыстар туралы аудан әкімінің орынбасары Рифхат Әшімов баяндама жасады. Ол өткізілген инженерлік іс-шараларға, ықтимал ТЖ жоюға күштер мен құралдардың дайындығына назар аударды.
«Басты міндет – ТЖ-сыз су тасқынын өткізу, халықты апат салдарынан қорғау. Ол үшін бізге қажетті алдын алу іс-шараларын жүргізуді жандандыру, мүдделі мемлекеттік органдар мен шаруашылық жүргізуші объектілердің өзара іс-қимылын пысықтау қажет», - деп кеңесті аудан әкімі Дархан Амрин қорытындылады.
СҚО ТЖ департаментінің
жұртшылықпен байланыс тобының
бас маманы Евгений Журавлев