
2021 жылғы 20 қаңтарда облыстың ТЖ департаментінде ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департаментінің басшысы Ернар Ерболұлы Баянғазинның төрағалығымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың новеллалары. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен оған қарсы іс-қимылдың негізгі бағыттары» атты тақырыпта «дөңгелек үстел» өтті. Іс-шараға Департаменттің басқармалар мен бөлімдердің және ведомстволық бағынысты мекемелердің басшы құрамы мен қызметкерлері қатысты.
Іс-шараны аша отырып, Ернар Ерболұлы кейбір заңнамалық актілерге мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулардың негізгі бағыттарын түсіндірді. Ол сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттік саясаттың басым бағыты болып табылатынын атап өтті. «Сыбайлас жемқорлық мемлекеттің негізін бұзады, елдің табысты дамуына кедергі келтіреді, сондықтан ол ұлттық қауіпсіздікке тікелей қауіп-қатер қатарына жатады. Мемлекет пен қоғам осы келеңсіз құбылыспен күресте күш-жігерді біріктіруі қажет», - деді ол кеңеске қатысушыларға арнаған сөзінде.
Кеңесті қорытындылай келе, Ернар Ерболұлы: Сыбайлас жемқорлық-жою мүмкін емес зұлымдық, бірақ бұл құбылыспен күрес, оның алдын алу және өсуге жол бермеу – бұл шындық. Жазалаудан гөрі ескерту жақсы. Бұл барлық жақсы заңнаманың басты мақсаты.
Саян Балахметов, СҚО ТЖД
Кадр саясаты басқармасының аға инспекторы,
азаматтық қорғау аға лейтенанты